dostavkakolyasok

dostavkakolyasok ▪️Кәсіпкер, бизнес-тренер▪️Кәсіпкерлерге арналған “Бізбен бірге…” жобасына қосыл⤵️Толығырақ⬇️

Махаббат – мәңгі ертегіКөңілдің күйін шертедіЕртіп бір жүрсең, шіркін-ай,Еліктей сұлу, еліктей сұлу еркені! Ғашықсыз өмі...
18/08/2024

Махаббат – мәңгі ертегі
Көңілдің күйін шертеді
Ертіп бір жүрсең, шіркін-ай,
Еліктей сұлу, еліктей сұлу еркені!

Ғашықсыз өмір өмір ме?✨

Өз саламдағы жетістіктерім (2-БӨЛІМ)✅Ең алғашқы дүкенді ашар алдында 6 000 000 теңге қарыз алдым, кредит алдым, жетпеген...
15/08/2024

Өз саламдағы жетістіктерім (2-БӨЛІМ)✅

Ең алғашқы дүкенді ашар алдында 6 000 000 теңге қарыз алдым, кредит алдым, жетпеген жеріне көлігімді саттым 3 000 000 теңгеге. Өмірімде істеп көрмеген, мұрыныма иісі бармайтын кәсіпке 10 000 000 теңге рискпен кіріп кеттім.

Әр кәсіпті ашар алдында мыңдаған кедергілерден өттім. Бірақ, оның бәрі мені тоқтатуға емес, шыңдалуға көмектесті. Қанша жылғы миллиондаған қиындықтар, қателіктер, қарыздар, проблемалар, кредиттер осының бәрінен өтіп, шынығып шықтым ғой.
Бірақ, дәл осы қателіктерді жасауға кеңес бермеймін❗️

Ең соңғы қадалғаным, Түркияға барып, бір араб азаматымен партнер болып термопанель өндірісін ашатын болдық. «Адамның аласы – ішінде»-дегендей, ол адам мені алдап кетіп, 30 000 долларға алданып қалдым.🤦🏻‍♂️

Жандосов-Науаида үйім бар
10 000 000 теңгеге келіншегіме оқу орталығын салып бердім.

2023 жылы ата-анамның отау құрғанына 30 жыл болды, соған Інжу той жасап бердім.

6 000 000 теңге кредитімді жауып, 5 000 000 теңгеге көлік алдым.

Үйіміз ипотекада емес
Көлік кредитте емес
Оқу орталығы аренда емес, өзіміздікі
Бәріне Аллаға шүкір.🙌✨

2013-2017 жылдар аралығында Алматы қаласында асаба болдым.
2011-2015 жылдар аралығында Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-де сахна жүргізушісі болдым✨

Өз саламдағы жетістіктерім🙌​2022 жылы сәуір айында өз өмірімдегі табыс рекордымды қойдым, 1 аптада 32 000 000 тг. таза т...
15/08/2024

Өз саламдағы жетістіктерім🙌

​2022 жылы сәуір айында өз өмірімдегі табыс рекордымды қойдым, 1 аптада 32 000 000 тг. таза табыс пен айлық 65 000 000 тг. теңгелік оборот жасадым🍋

​2 жыл бизнес партнерсыз, жалғыз жұмыс жасадым. Командамда 4 адам болды. Айлық тұрақты оборот 7-8 миллион теңге болды🔥

​Осы станок саласында әр түрлісін шығардым. Командамда көп адам болмады. Аз адаммен көп оборот жасап, жақсы жүйені қоя білдім.

Станок саласы бойынша, ең соңғы шығарған станок түрі «Құрт шығару» станогы болды. Ол жердегі айлық оборот 3 000 000 теңге көлемінде болды, таза табыс 1 500 000 теңге көлемі болды. Ол жерде 3 адам болды командада.

Станоктан кейінгі кәсібімнің бірі құрылыс саласында болды. Үйдің іші мен сыртын қаптауға арналған термопанель өндірінің жасалу технологиясын саттым. Ол жердеге маржа 100 пайыздық болды. Бұл салада 2024 жылдың сәуір айына дейін жүрдім👌

​2019 жылдың екінші жартысында овощи-фрукты саттым. Күндік сауда ол кездері 100-150 000 теңге еді, соның тең жартысы пайда. 2 адам жұмыс істеді.

​Одан кейінгі 2020 жылғы кәсібім – азық-түлік мини маркетін аштым. «Q-Store» дүкендер желісінің негізін мен қаладым. Қазіргі таңда ол желі қызмет атқарып жатыр. Күндік сауда 700-800 000 теңге еді, таза табыс сол сомманың 15 пайызы. 6 адам жұмыс істеді✅

Арықарай 2-БӨЛІМ бар⏬️

Жігітте де жігіт бар,Азаматы бір бөлек,Жылқыда да жылқы бар,Қазан аты бір бөлек.
26/07/2024

Жігітте де жігіт бар,
Азаматы бір бөлек,
Жылқыда да жылқы бар,
Қазан аты бір бөлек.

Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттар...
25/07/2024

Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Сол ұлттық құндылықтарымыздың арқасында біз өзіміздің ұлттық қалпымызды сақтап, әлемге танылып отырмыз. Сондықтан да кешеден бүгінге сол құндылықтарымыз қалай жетті, ертеңгі күнге жеткізе аламыз ба? – деп алаңдауымыз керек.

–Оратор болу үшін...–Көпшілік ақпаратты жеткізу сөзге байланысты деп ойлайды. Рас, сөз өте маңызды рөл атқарады. Алайда ...
25/07/2024

–Оратор болу үшін...

–Көпшілік ақпаратты жеткізу сөзге байланысты деп ойлайды. Рас, сөз өте маңызды рөл атқарады. Алайда сөзіңіз қанша жерден әдемі болғанымен, оны халыққа дұрыс жеткізе алмауыңыз мүмкін. Міне, сол кезде көмекке дауыс келеді. Дауыстың ырғағы, тембрі, интонацияны дұрыс қолдану, екпінді дұрыс қою, дұрыс тыныс алу – айтпақ ойыңызды жеткізуде аса маңызы бар процестер.

Ақпаратты бірқалыпты, даусыңызды өзгертпей, монотонды айтсаңыз, онда халық ол ақпараттың 7 пайызын ғана қабылдайды екен. Ал даусыңызды қатты шығарып, төмендететін жерде төмендетіп, баяулатып, құбылтып сөйлейтін болсаңыз, ол адамдардың ақпаратты қабылдауына тікелей әсер етеді. Сөйлеп тұрған спикердің даусындағы сөйлеу аппараттары дұрыс жолға қойылмаған болса, спикер де, оны тыңдап отырған адам да шаршайды. Біз құлағымызбен ғана емес, сөйлеу аппараттарымен де тыңдайды екенбіз. Шаршап кететініміз содан. Тыңдарманды шаршатпас үшін адам дауысын да меңгеріп үйренсе игі. Яғни дауыс ырғағы 38 пайызды құрайды. 38 пайыз бен ақпараттың 7 пайызын қосатын болсақ, 45 болады.

Ал қалған 55 пайызы дене қимылымен беріледі. Ол дегеніміз – сөйлеу барысында өзіңізді ұстау. Аудиторияға қаншалықты жақындықта тұрсыз, ым-ишараттарыңыз қандай, қабақ түю, жымию, күлу, актерлік шеберлік – бәрін іске қосу керек. Сонда ғана айтпақ сөзіңіз нық, ойыңыз көркем, әдемі жетеді.

Бизнес бастар алдында сізге берер жеке кеңестерім:1.    Кәсібіңізді ашар кезде серіктестер табуға асықпаңыз.2.    Адамда...
25/07/2024

Бизнес бастар алдында сізге берер жеке кеңестерім:

1. Кәсібіңізді ашар кезде серіктестер табуға асықпаңыз.
2. Адамдарды басқару тәжірибеңіз болмаса, кәсібіңіз жүрмейді.
3. Барлық бизнес-процестердің жоспарын дұрыс анықтап алмай кәсіпті жүргізуге болмайды.
4. Заңдарды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.
5. Туыстарыңызды жұмысқа қабылдамаңыз (мүмкін болса).
6. Бизнестегі алғашқы жеңістен кейін босаңсымаңыз.

«Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» деген екен Платон. Бұрынғы ата-б...
24/07/2024

«Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» деген екен Платон.

Бұрынғы ата-бабаларымыз бұл замандағылардан білімі, мәдениеті төмен болған дейміз. Десек те ұрпақ тәрбиесіне келгенде оларды көреген, тәжірибелі десек қателеспейміз.

Еліміздің ертеңі саналатын ұл-қыздарын салт –дәстүрлермен сусындатып, туған елін, жерін адал сүюді және көзінің қарашығындай сақтап, қорғауды әрбір азаматтың аяулы борышы деп түсіндірген.

Беріде өзіміз куә болғандай, бір ауыл адамдары бір анадан туғандай, ынтымақты, ұйымшыл еді. Бір үйдің қуанышына бәрі қуанып, бір үйдің басына түскен қайғысына бәрі ортақ қайғыратын. Дәмді асын бөліп ішіп, ауыр жұмысы болса жұмыла кірісетін. Бұның бәрі пәк адамдықтың, тәрбиеліліктің жемісі еді.

Қазіргідей көптеген әдеби, мәдени оқулықтар толассыз ақпарат көздері болмаса да ұлттық салт-дәстүрімізді ұрпақ санасына сіңіре білген сол уақыттың адамдарын қалай кемеңгер демессің….

Есімім Қанат Қожа, өзімді жалпы таныстырып өтейін🙌7 күннің ішінде 32 миллион станок сату арқылы таза табыс🍋“ Бізбен бірг...
22/07/2024

Есімім Қанат Қожа, өзімді жалпы таныстырып өтейін🙌
7 күннің ішінде 32 миллион станок сату арқылы таза табыс🍋
“ Бізбен бірге” бизнес жобасының қалаушысы.🇰🇿
“ Q - store “ дүкендер желіснінің негізін қалаушы.
2011 жылдан бері ораторлық өнерім арқылы сахнада жүрмін
2016 жылда шаңырақ көтеріп, 4 баланың әкесімін.👨‍👩‍👧‍👦

Оригинал!Цена 12 000                     🇰🇿                                #карантин  #үйде бол  #будь дома  #мы вместе
02/06/2020

Оригинал!
Цена 12 000

🇰🇿 #карантин #үйде бол #будь дома #мы вместе

Address

Almaty

Telephone

+77025806868

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when dostavkakolyasok posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share