Altyn Kanikar

Altyn Kanikar Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Altyn Kanikar, Business consultant, Almaty.

BUL BRANDАмансыздар ма?Міне Сіздерге көптен бері қазір немен айналысып жатқанымды айтамын деп жүрген едім, қазір сәті ке...
21/01/2022

BUL BRAND
Амансыздар ма?
Міне Сіздерге көптен бері қазір немен айналысып жатқанымды айтамын деп жүрген едім, қазір сәті келген тәрізді.

Мәймөңкелемей турасын айтайын.

Қазір біз жеке кәсіпті, сүйікті істі БРЕНДТЕУМЕН, негізі Упаковкамен айналысып жатырмыз.

Сәл түсіндіріп өтейін.

1. Бизнесіңізге оның мағынасын ашатын ат қоямыз. Клиенттеріңіздің құлағына тез жатталу үшін.
2. Сол атқа сай логотип, клиенттеріңіздің назарын аударатын, көңілін бөлетін, атыңызды ашатын!
3. Енді Сіз не сіздің кәсіп туралы естіген бетте есте қалатын слогон дайындаймыз. Ол сіздің кәсіп үнемі клиенттің миында қалып, жүрегінде жүру үшін.

Көбіміз осы жерде ОФФЕРМЕН шатастырып жатамыз. Ол бөлек нәрсе, офферге қарағанда сіз туралы бәрін айтып тұратын екі ауыз сөз өте маңызды.

4. Енді қазіргі таңда саудамызды арттыру үшін көп нәрсе жасап жатырмыз. Бірақ ҚҰНДЫЛЫҚҚА ешкім бас қатырмайды. Міне бұл сіздің ең бірінші артықшылығыңыз болу керек. Осы Сіздің не тауапыңыздың не кәсібіңіздің құндылығын ашып береміз. Кеңе беру арқылы.
5. ИДЕЯ көөөөөпп дейміз. Қолдануға келгенде біразы жарамсыз болып қалады. Өйткені “НЕ ҮШІН” деген сұраққа жауап жоқ. Сондықтан мен және менің командам сізге керек барлық, іске асыра алатын ИДЕЯЛАРЫҢЫЗДЫ айтып, нүктелеп береміз.

Қысқасы осы, нақтырақ білу үшін стористпрды қарап, тікелей эфирлерден қалмай отырыңыздар.

Әгі, жақсы көрем ғой Сіздерді.

ҚАРАҢЫЗШЫ!!!⠀2️⃣ жылдан бері жыл халық үшін не бір қолайсыз оқиғалармен басталып, не аяқталып жүр екен.⠀Бәрін тізіп жазғ...
11/01/2022

ҚАРАҢЫЗШЫ!!!

2️⃣ жылдан бері жыл халық үшін не бір қолайсыз оқиғалармен басталып, не аяқталып жүр екен.

Бәрін тізіп жазғым келмейді. Біліп отырсыздар!

Алла сол оқиғалардың барлығының қайырын берсін!

Бәрінен бәріміз (өкімет те, бізде) сабақ алдық.

0️⃣ нөльден бастаймын, болды. Өсемін дамимын деп қай қайсымызда айтып ЖАТЫРМЫЗ!

Бірақ орынан тұрып қозғалып кеткен адам аз. Әйтеуір ӘРЕКЕТ КЕРЕК деп мотивациямыз мәреге дейін жетпей жатыр.

2️⃣ екі нәрсені түсініп алайықшы. Біріншіден шаңырақта үлкенді үлкен, кішіні кіші деп сыйлағанда ғана шу аз.

Екіншіден Үлкенді сыйлау үшін, оның кішінің алдында қадірі болу керек деп ойлаймын.

2️⃣ Екі жақ мәмледе болып, осы жолы шын әрекетке барайық.

Менің соңымнан ерген әйел адамдар баршылық, айтарым:

ДАМЫҢЫЗДАР

ОҚЫҢЫЗДАР

СҮЙІКТІ ІСТЕРІҢІЗБЕН АЙНАЛЫСЫҢЫЗДАР!

Алып қосарыңыз болса, пікір күтемін⬇️

Бейбіт күндеріміздің қадірін білейік!Осы күндері балаларыммен Алматыда қалдым. Мына елімді дүрліткен дүрбелеңде тек ел а...
10/01/2022

Бейбіт күндеріміздің қадірін білейік!

Осы күндері балаларыммен Алматыда қалдым.

Мына елімді дүрліткен дүрбелеңде тек ел амандығын тілеп отырдық.

Қыздарым үшін, отбасым үшін, Отаным үшін алаң болды көңіл.

Тыныштықтың қадірін кетірмейікші.
Енді билік пен халық бір тұтас болса, бейбіт күніміз көп болады.

Әлсіз екенімді түсіндім!
Әдемі қалам-Алматым кешірші!

Иә, Раббым Аллам барлық сабағыңа сансыз шүкірлік айтамын!⠀Мені қалай қатты жақсы көретініңді осы 2021де назарыңа алып кө...
31/12/2021

Иә, Раббым Аллам барлық сабағыңа сансыз шүкірлік айтамын!

Мені қалай қатты жақсы көретініңді осы 2021де назарыңа алып көрсетіп жатырсың, шексіз шүкірлігім.

Барыма шүкірлік, дәулетті елдің анасы атандыр, алғысым шексіз!

Мен үшін жаңа жыл тойлайтын мереке емес, бірақ жаңа күнтізбе.

Мен Наурызды қатты тойлайтындардың қатарынанмын!
Құтты болсын!

АЛҒЫС АЙТҚЫМ КЕЛЕДІ САҒАН “KANIKAR CLUB”⠀Дәл қазір Алматыға қайту үшін поездға отырдым. Соңғы уақытта менің постарым тек...
09/12/2021

АЛҒЫС АЙТҚЫМ КЕЛЕДІ САҒАН “KANIKAR CLUB”

Дәл қазір Алматыға қайту үшін поездға отырдым. Соңғы уақытта менің постарым тек жолда жазылатын болыпты байқадыңыздар ма?

Өткен жұмада Қарағандыға келгендегі мақсатым екеу еді. Ең алғашқыда отбасыма қыздарымды сағындым. Одан кейін салық комитетінің жұмыстарын аяқтау жылдың соңы болып қалыпты.

Ал ең бастысы мені асыға күткен әйел қауымымен кездесу еді. Неге бұл ең бастысы өйткені бұл бір аяқталмай қалған іс, тыңдалмай қалған әңгіме тәрізді жүрегімді ауыртатын нәрсе еді.

Сондықтан KANIKAR CLUB резидент ханымдарымен кездестім.

Күніне 11 ханыммен кездесіппін 4 күн қатарынан.

Соның жартысынан көбі клуб резиденті болды. Жарысмаймын қобалжып келіп едім, қуанып қайтып бара жатырмын.

Кездесуге келген әр ханымға алғыс айтқым келеді.

Келгендеріңіз үшін, сенгендеріңіз үшін, маған ергендерңіз үшін үлкен алғысымды айтамын.

Аллама сансыз шүкірлік айтамын, шын ниетіммен алғысымды айтамын.

KANIKAR CLUB тың әр резидентіне, тіпті осы біздің бастамамызға келген, қолдаған сенген, сенбеген, келмеген, осы уақытқа дейін сыртымыздан қарап отырған. Дәл қазір айттым ғой деген жандардың барлығына алғысымды айтамын.

Білесіздер ме, ішімді жанымды бір үлкен алғыс, шынайы алғыс айту кернеп тұр!

БАРЛЫҚ ХАНЫМДАРҒА АЛҒЫС АЙТАМЫН!

Сіздердің әр қайсыларыңыз маған керемет теңдесі жоқ сабақ үйреттіңіздер.

Біріңізден жылауды үйрендім.

Біріңізден сұрауды үйрендім.

Біріңізден күлуді үйрендім.

Біріңізден білуді үйрендім.

Әр қайсыңыз, әсіресе осы жолы кезлесуде сіздердің деңгейлеріңіздің көтерілгенін, өзгергендеріңізді көрдім.

ЕҢ ҚАТТЫ ҚУАНҒАНЫМ “ДЕЛО ВО МНЕ” дегенді түсініп, өздеріңіз үшін ЖАУАПГЕРШІЛІК АЛА БАСТАҒАНДАРЫҢЫЗ ҚАТТЫ ҚУАНТТЫ!!!!

KANIKAR CLUB мағанда Сіздергеде үйреткені ҮЛКЕН ҚҰНДЫ САБАҚ БОЛДЫ.
Аллаға сол үшін алғыс айтамын!

Осы жолғы кездесуден еңбегімнің жемісін көріп риза болып кетіп барамын!

Тек қана алға тоқтамаңыздар, өсіңіздер, дамыңыздар!

Мен Сіздерді қатты жақсы көрем, КАНИКАРДЫҢ ҚЫЗДАРЫ!

02/12/2021

Қайырлы таң! Қазір 3 минуттан кейін менің Нұрсұлтанға ұшағым әуеге көтеріледі.

Аллаға сансыз шүкірлік. Мен міне Қарағанды-Нұрсұлтан-Алматы маршрутында жүргеніме 72 күн болды.

Біраз нәрсе өзгерді. Мен де, айналамда есейгендей. Анық қадамдар жасала бастадым.

Осыдан ілгеріде “ат қою, ойлап табу” деген нәрсені автоматы түрде жасап жүріппін.

Бірақ ешқашан қатты мән бермеппін, оның сұранысқа ие нәрсе екенін.

Мен ат қойып, атауын айтып берген қанша бизнес берекелі жұмыс жасап отыр.

Қазір Аллаға шүкір кәсіпке келу ұлғайып бара жатыр. Ал кәсібін дұрыс атай алмай жүрген, содан
Болып табыстары мандымай отырған көп кәсіпкер бар.

Олай болса, кәсіпке ат, логотип, слоган яғни кәсібіңәзге “упаковка” жасатамын десеңіз мархаббат!

БҰЛ БРЕНД

Амансыздар ма, алтын адамдар!⠀Мен дәл қазір, Алматыда әуежайда отырмын. Тараздың ауа райына байланысты біздің рейсті кеш...
17/11/2021

Амансыздар ма, алтын адамдар!

Мен дәл қазір, Алматыда әуежайда отырмын. Тараздың ауа райына байланысты біздің рейсті кешіктіріп жатыр.

Таразаға неге бара жатырмын?

Тараз қаласында “Анаға тағзым” орталығы бар. Бұндай орталықты мен @ Ақтөбеге барғанда көрген едім.

Тараздағы орталық туралы, президент алдында айтқан едім. Және сол сөз сөйлеуімде көп балалы аналардың ешкімге масыл болмай, кәсіп жасап өз істерін дамытып, бір біріне жол көрсетіп жүргенінде жеткізген едім!

Кәсіп жасаймын деген адамға жағдай да уақытта табылады ғой.

Ең бірінші білім алыңыз.

❌Қазір бір кәсіпті меңгеру үшін 4-5 жыл Жоғары оқу орынында оқып жүрудің қажеті жоқ.

✅Бар болғаны үздіксіз даму жолына түсіп алыңыз. Дайын шағын курстар оқып алыңыз. Мысалы курсын оқып, аспазшы мамандығын алып шығыңыз.

✅Өзіңіз сүйетін жұмыспен айналысыңыз. Осы істі ниша дейді, соны тауып, меңгеріп алыңыз!

❓❓”Оны қалай тапсам болады десеңіз, онда осы постың астына
“МАҒАН НИША КЕРЕК” деп жазсаңыз бәрін түсіндіріп беруге дайынмын!

16/11/2021

Менің Президент алдында тұрып сөйлеген сөзімнің толық нұсқасы☺️

Сіздерге қызық шығар-ау деп салып жатырмын…😅

🍏БӘРІН ДӘМДІ ҚЫЛУ ҚОЛЫМЫЗДА!Кейде тамақтың тұзын ащы салып қойып, басымыз қататындай, өмірде де бітпеген істер шаршатады...
28/10/2021

🍏БӘРІН ДӘМДІ ҚЫЛУ ҚОЛЫМЫЗДА!

Кейде тамақтың тұзын ащы салып қойып, басымыз қататындай, өмірде де бітпеген істер шаршатады.

Жалпы менің өмірімде өзгерістер басталғалы міне 5 ай екен. Енді өміріме дәм кіргендей.

Адамның өзгерісі ең бірінші НИЕТІНЕН басталады. Ниет өзгерген кезде бәрі өзгереді.

Алланың қалауымен қазір реніш өкпеден тазардым. Өзімді ондайдан картошканы аршығандай аршып тастадым.

Шүкір жұмысымда ілгері басып бара жатыр. Бір қуанарым мақсаттарда орындалуда.

Мен түйген 5 әдет:

- күлімдеп жүру;
-шүкірлік айту;
- жақсыны көру;
-жақсы сөз айту;
-жақсы ойлау;

Міне осыны білсеңіздер өмір ДӘМДІРЕК!

Сіздердің 🍎

Қайырлы түн, енді бәрі анық көрініп келе жатыр. Я Раббым, мен ештеме істемедім, бар жетістікке сен жеткіздің, менің қолы...
21/09/2021

Қайырлы түн, енді бәрі анық көрініп келе жатыр.

Я Раббым, мен ештеме істемедім, бар жетістікке сен жеткіздің, менің қолымнан ештеме келмейді, сенің берген күш-қуатыңның арқасында, сенің берген бағытың мен қолдауыңның арқасында өмір сүріп, табыс тауып келемін. Сенсіз мен ешкім емеспін.

Мен саған әр қашан мұқтажбын. Егер мен жетістікке өзім жеттім деп артық айтсам кешіре гөр. Мені берекелі табысың мен қолдауыңнан айыра көрме.

Мені күш жігерімнен, ішкі ресурсымнан айыра көрме. Мен саған мұқтажбын, жалғыз тіренішім сенсің. Мен сен берген мүмкіндікті қолданып келемін, сен менің дұғамды қабыл алшы.

Сен мені жақсы көргендіктен осыншама сынақ беріп тұрсың ғой, енді осы сынағыңнан алып шығатын да бір өзің.

Мен, отбасым, компаниям бір өзіңе аманат, мен саған сенемін. Сен менің жалғыз үмітімсің. Аналық жүрегіммен сенен, біліп, білмей істеген күнәларым үшін шын кешірім сұраймын. Сен мені дүниеге бай-қуатты, әдемі өмір сүру үшін әкелдің. Сол өміріңді маған нәсіп ет. Мені қиналдырмай, осы сынақтардан өткізіп жібер. Осы аптаның ішінде бар мәселемді шешіп берші, сен менің қорғаушымсың🤲
(Авторына алғыс айтам).

21/09/2021
31/08/2021

NEW_SEN
Сәлем құрбым, сіңілім, әпкем, келіншек, әйел!
СЕН БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ӘБДЕН ЛАЙЫҚСЫҢ!

Бақытсыз бала болмайды. Қарашы балаға сен күн түн тапсам екен деп жүгіріп жүрген ақша да, жинасам екен деген дүниеде, тақсам екен деген алтындарыңда қажет емес.

Қарыны тойып тамақ ішпеседе бақытты бола алады. Тек қасында сен болсаң болғаны!

Балалардың қараңыздаршы, бақыт үшін жақсы жұмыс, үлкен айлық, жақсы күйеу іздеп жүрген жоқ.

Олар жәй ғана әкесі мен шешесі бар болғаны үшін бақытты.

Өйткені олар риясыз болмашы нәрсеге қуана алады. Олар ешқандай шартсыз жақсы көре алады. Олар қалағанын айтып, қалағынын жасай алады. Олар пәк қуана алады. Олар махаббат бере алады, олар ешкімнен ештеме күтпейді.

Енді қараңыз, бәріміздің басымызда бірдеңе істеу керек деген сұрақ бар.

Мен айтайын, Сізге ештеме істемеу керек!
Тек қана
✨БАҚЫТТЫ БОЛУ КЕРЕК! ✨

✅Оның ең бірінші шарты күле білу!

Address

Almaty

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Altyn Kanikar posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share