13/05/2019
жалғасы...
АЛТЫ БАЙЛЫҚТЫҢ ҚАДІРІН ҰҒЫНДЫРУ 🌷
⠀
🌷 ХАЛЫҚТЫҢ ҚАДІРІН БІЛУ.
Халық – күллі бақыт-байлықтың қайнары, өнер-ғылымның қамбасы, дүниенің қожасы екенін шынайы түсіну тиіс. Халықсыз қара жер де құлазитындығын ұғыну; əрдайым: «халқымнан айырма, халқымды қор қылма» деген игі тілекте болу; шен-шекпен, атақ-даңққа бөленіп, қолда қуат, бойда жігер, баста ақыл толық кезде халыққа көбірек қызмет істеу; халықтың ұлылығын, күштілігін, қаһарлылығын ұмытпау; қадір-қасиетін ардақтап, қуанышына қуанып, қайғы-қасіретіне ортақтаса білу; əркез өзін халықтан жоғары қоймау; ханның ісі – қараға, шалдың ісі – балаға түсетін күндер туатынын ешқашан естен шығармау; қашанда халықпен бірге болып, олармен тағдырлас, тыныстас болу; халықты қараламау, көпке топырақ шашбау керектігін білу тиіс. Бұл тəрбие ұрпақтарды халықшыл, көпшіл болуға жетелеп, санасын жоғарылатады. Кішіпейіл болуға дағдыландырып, менмендіктен, тəкаппарлықтан аулақ болуға баулиды.
⠀
🌷 ТУЫС-ТУҒАН, ДОС-ЖАРАННЫҢ ҚАДІРІН БІЛУ.
Есейген əрбір адам баласы туыс-туған, дос-жаранның – өзі үшін шексіз байлық, өлшеусіз рухани тірек екендігін жете ұғынып, «туыс-туған, дос-жараның – байлығың, сейілтетін қара бұлтын қайғының» деген дейін, «туыс-туған, дос-жарандарымнан ерте айырма» деген халық даналықтарын есте берік сақтай отырып, қамшының сабындай келте ғұмырда барша адам баласының бір-біріне қонақ екендігін жете ұғынып, əр жолғы дидарласу мен аман-сəлем жасасудың өзін бір ғанибет біліп, бір-бірін қадірлеп, құрметтеп, сыйлап, қолдан келген көмегін жасап отыру керек; аз күндік өмірде өзара аңдысып, дауласып-жауласып жүріп, бір-бірінен айырылып қалған күні: «əттеген-ай!» деп өкініп қалудан сақтану; басыңа бақ қонып, дəулетің мол кезде жат жандардың да маңайыңа құмырысқаша қаптап, басыңа іс түскенде тек туыс-туған, дос-жарандардың ғана қабырғасы қайысатынын ұмытпау; дос-жаран, туыс-туғаннан қол үзіп қалудан аулақ болу керек. Бұл тəрбие ұрпақтарды бауырмалдыққа, береке-бірлікке, татулыққа жетелеп, адамдарды, тасбауырлықтан, рақымсыздықтан, қатігездіктен арылтып, адамдық сүйіспеншілікті арттырады.
⠀
🌷 жалғасы комментарийде...