Егов/ип/декрет

Егов/ип/декрет Таргет/ИП/Егов/Декрет

Қайырлы күн! 💐💐💐
22/09/2022

Қайырлы күн! 💐💐💐

Қайырлы түн! 🌙✨✅Расында , кейде болайын деп турған ісіміз болмай қалып , Журейін деп турған ісіміз , журмей қалып , неге...
09/09/2022

Қайырлы түн! 🌙✨

✅Расында , кейде болайын деп турған ісіміз болмай қалып ,
Журейін деп турған ісіміз , журмей қалып , неге менің жолым болмады деп , неге анау жок , неге мынау жоқ деп , өмірімізге шағымданамыз. Бірақ әрине ол дұрыс емес. Өйткені сіздің өміріңізді сургісі келетін қаншама адамдар бар! Шукіршілік етейікші ! ...

Қайырлы күн! 🤗                                        ✅Наразы болған жолаушылар істің мәнін білген соң, үнсіз қалды...Жи...
08/09/2022

Қайырлы күн! 🤗
✅Наразы болған жолаушылар істің мәнін білген соң, үнсіз қалды...

Жиырма төрт жастағы жігіт әкесімен бірге пойызбен жол жүріп бара жатқан еді. Жас жігіт терезеге қарап тұрып: «Әке, қарашы, ағаштар ұшып бара жатқан сияқты», - деп таңдай қағумен болды. Әкесі баласының бұл іс-әрекетіне жылы шырай танытып, күлімсіреді. Әкесі мен баласына көрші отырған ерлі-зайыптылар бір-біріне қарап, дап-дардай ересек адамның бұл қылығына таң қалды. Сәлден соң жігіт қайтадан айқай салып: «Әке, қарашы, бұлттар бізді қуып келеді», - деді. Әкесі оған жымия қарады. Жанында отырған адамдар шыдамай: «Балаңызды дәрігерге көрсету керек сияқты. Оған міндетті түрде ауруханаға қаралу керек!» - деді. Сонда әкесі қабағын шытпай, қайта жайдары мінезбен: «Біз бірер минут бұрын ғана дәрігерден шықтық. Балам туғанынан соқыр еді, ал бүгін дәрігерлер баламның көзін емдеп, балам әлемді бірінші рет өз көзімен көріп отыр», - деп жауап берген екен.

Өзгеге мін тақпас бұрын, әр істің мән-жайын анықтап алған жөн болар...

03/09/2022
Қайырлы күн!  💐💐💐Қарадан шығып хан болған Құнанбайдың анасы Зере ұлына қатысты былай дейді: «Мен Құнашты бір күн дәретсі...
03/09/2022

Қайырлы күн! 💐💐💐

Қарадан шығып хан болған Құнанбайдың анасы Зере ұлына қатысты былай дейді: «Мен Құнашты бір күн дәретсіз емізіп көргем жоқ және омырауымды тазалап жумай, «бісмілла» айтпай емізген мезгілім болған жоқ».

Міне, осындай тазалықтан туған Құнанбай өте ұғымпаз, зерек, алғыр, бір естігенін, оқығанын ұмытпайтын болған. Құнанбайдың уәдеге берік, ұстамдылығы, қайратты, жігерлілігін, сабырлы, шешен, болжампаздығын ел аңыз еткен.

Шөбересі Ахат Шәкәрімұлы өзінің атасы жайлы естелігінде: «Құнанбай діншіл адам болған. Ол балгерсіген бақсы құшынаштарға, қисынсыз ырымдарға нанбаған. Пара алуды, пара беруді, өтірік айтып, ұрлық қылуды, адамға табынуды жаны түршігіп жек көрген.

Ол тек Құдай мен көпке ғана бағынуды лайық деп санаған. Бұрын зекет беруді білмейтін байларға малынан зекет беруді орындатып, оларды нағыз нашар, кемтар, жетім-жесірге бергізген. Арам өлген мал етін, қан, безді жейтіндерді де тыйған. Тобықты елінің ұрлығын пышақ кескендей тыйған», – деп оның қаншалықты дініне берік әрі қайырымды жан болғанын айтады.

Құнанбай білім-ғылымға қатты көңіл бөлген. Өз балаларынан бастап ауылдағы, әсіресе жағдайы нашар адамдардың балаларына білім беру үшін мектеп-медреселер, елдің діни ахуалына көңіл бөліп, мешіттер салдырған, оларды оқыту үшін алыстан ұстаздар алдырған.

Құнанбай үнемі айналасындағыларға ақыл-кеңесін аямаған. Халық та оның дария білімінен пайдалану үшін оның шаңырағынан толастамаған.

Құнанбай жайлы Адольф Янушкевич 1846 жылы Густав Зелинскийге жазған хатында: «Құнанбай қара халықтан шыққан, жаратылыстан ақыл-парасаты дарыған, керемет зерек, қара тілге шешен, байыпты, тыңғылықты кісі.

Халқының қамын ойлайды, оған жақсылық қылсам дейді. Елінің ежелгі жол-жобасына, әл-Құранда жазылған шариғат жолына аса жүйрік, Россия өкіметінің қырғыздар жөніндегі заң ережесіне жетік. Қара қылды қақ жаратын әділ, адал азамат.

Құнанбай халқының қамқоры, оны жұрт пайғамбарындай көреді. Сондықтан, одан ақыл кеңес алуға тіпті бір қиырдағы ауылдардан жас пен кәрі, бай мен кедей ағылып келіп жатыр», – деп Құнанбайдың тұлғалық қасиетін бүкпесіз ашып көрсетеді.

Демек, Құнанбайдай ұл туғысы келетін әйел Зередей ананың сөздеріне мән берсе керекті...

Салтан

«Торғайдың үш өсиеті»⠀Бір торғай жем іздеп жүріп құсшының құрған торына түседі. Қолымен қыса ұстаған құсшыдан құтылудың ...
02/09/2022

«Торғайдың үш өсиеті»

Бір торғай жем іздеп жүріп құсшының құрған торына түседі. Қолымен қыса ұстаған құсшыдан құтылудың амалын іздеген торғай:
- Мені жібер. Кішкентай ғанамын, жегеніңмен бәрібір қарның тоймайды.
Одан да мен саған өмірлік азық болар үш ақыл айтайын, - дейді.

Құсшы:
- Мейлі, айт. Тыңдайын, - дейді.

- Бірінші ақылымды алақаныңды ашып тұрғанда айтамын. Екіншісін ағаштың бұтағында отырып, ал үшінші ақылымды ұшып бара жатып айтамын, - дейді.

Құсшы келіседі.
Ол алақанын ашқанда:
- Өткен іске ешқашан өкінбе, босқа әуре боласың, - дейді де торғай ұшып кетеді.

Ағаштың бұтағына қонып:
- Енді екінші ақылымды тыңда.
Өз көзіңмен көрмеген нәрсеге ешқашан сенуші болма! - дейді.

- Үшінші ақылыңды айт енді, - дейді құсшы.
Торғай:
- Ей, құсшы, менің жемсауымда сенің алақаныңдай гауһар тас бар, сойғаныңда әп - сәтте байып шыға келер едің, - дейді.

Құсшы отыра қалып: - Қап, байлықтан айырылып қалдым - ау, - деп санын соғып, өзін - өзі кінәлап өкінеді.
Тоқтамай өзін - өзі жазғырып ұзақ жылайды.

Осы кезде торғай:
- Өткенге өкінбе дедім, ал сен жарты сағат өкініп жыладың.
Көзбен көрмегенге сенбе дедім, сен менің өтірік сөзімді сараламай - ақ сене салдың. Сенің алақаныңдай тас менің ішіме қалай сыяды? Тыңдамайтын адамға айтқан сөз бен кеткен уақыт зая, - деп ұшып кетеді. Торғайдың миындай ми жоқ деген сөз осыдан шыққан.. Енді ойланып көріңізші, осы торғай құрлы болмай, өткен іске өкініп, көзбен көрмегенге сеніп, өміріңізді босқа өткізіп жатқан жоқсыз ба?

Әңгімеден не түйдіңіз?

Қайырлы күн баршаңызға! 💐💐💐✅ЖОЛДАУ 2022Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы басты-басты жаңалықтар:👉 Қаз...
02/09/2022

Қайырлы күн баршаңызға! 💐💐💐
✅ЖОЛДАУ 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы басты-басты жаңалықтар:

👉 Қазақстан Президенті бұдан былай тек бір мерзімге сайланады, бірақ қызметі 7 жылға ұзарады;
👉 Президент сайлауы осы күзде өткізіледі және оған Тоқаевтың өзі де қатысады;
👉 Мәжіліс және жергілікті Мәслихат депутаттарын сайлау 2023 жылдың алғашқы жартысында өткізіледі;
👉 әйелдердің зейнеткерлік жасы 63-тен 61-ге дейін қысқартылды;
👉 Жаңа туған бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мерзімі 1,5 жылға ұзартылды;
👉 бала 18 жасқа толғанға дейін оның шотына Ұлттық қорға тартылатын инвестициялық табыстардан процент түсіп отыратын болады. Бұл қаржыны бала тек 18-ге толғанда ғана алады;
👉 автокөліктерді жоюға жұмсалатын салық (утилсбор) мөлшері 250 000 теңге көлемінде бекітіледі (биылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктер үшін);
👉 қаңтар көтерілісіне қатысқандарға амнистия жарияланды - тек мемлекетке сатқындық жасады немесе лаңкестік әрекеттерге барды деп айыпталғандар ғана жазаланады;
👉 бағасы қымбат жылжымайтын мүлік немесе автокөлік сатып алатындарға салық салынады.
👉 Мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесі жасалады (тендер - жеңдер деген болмайды);
👉 Жері жоқ адам бизнеспен айналыса алмайды. Кәсіп жасаймын дегендерге жер беру керек. Бос жатқан жерлерді мақсатқа сай пайдалану керек. Жылдың соңына дейін 5 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылады;
👉 2025 жылға дейін жолдардың 95%-ын жақсарту тапсырылды;
👉 медициналық сақтандыру жүйесі қайта қаралады;
👉 аудан орталықтарындағы 32 аурухана толығымен жаңартылады;
👉 балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтеріледі. Олар аттестациядан өтеді;
👉 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалады;
👉 елдегі жалақының ең төменгі мөлшері 70 000 тг болады;
👉 100 мың жас жігіттер мен қыздар жұмыспен қамтылады. Олар кәсіп бастаймын десе 2,5% несие беріледі.

Міне осындай жақсы жаңалық! 👍👍👍

Қайырлы түн! 🌙✨
01/09/2022

Қайырлы түн! 🌙✨

ҚАСҚЫР КИЕ  🐺                /болған оқиға/    Күн жұма болатын.    Түнімен жол жүріп, Ақмола жақтан келе жатқан бетім е...
30/08/2022

ҚАСҚЫР КИЕ 🐺
/болған оқиға/

Күн жұма болатын.
Түнімен жол жүріп, Ақмола жақтан келе жатқан бетім еді. Қар борап тұрған. Күйік асуы жабық дегенді есітіп, амал жоқ тоқтағанмын. Таң атып қалған. Көре кетейін деп Тараз қаласының орталық базарына кіре бергенім сол еді, бір бейтаныс жігіт жылыұшырай қолын созды. Амандастық.
- Аға, үйге жүріңіз, сізді күтіп тұр едім, - деді әлгі жігіт.
- Інім, мен сені танымаймын ғой, - шатастырып тұрған шығарсың, мен жай ғана жолаушымын. Бұрын бұл жақта болмағанмын.
- Есесіне, мен сізді танып тұрмын Орекеңсіз ғой, десін, бейтанысым мені таң қалдырып. Өзінің дегбірсізденіп тұрғанын да байқап қалдым. Ішкі ойым "не боп қалды екен" деп те тұр...
- Аға, мен сізді, түнде түсімде көріп едім, атыңызды да содан білемін. "Таңертең ерте орталық базарға барсаң, базардың кіре берісінде сол кісіге жолығасың, ертіп кел деп сізді суреттеген аяным бар еді" десін бейтаныс жігіт қиылып... қалғанын үйге барған соң айтармын. Мен одан сайын таң қалдым.
- Жарайды, олай болса, барайық, дедім.
Бейтаныс жігіттің үйі, қаланың шет жағында тұрады екен. Әне-міне дегенше келдік. Адамдар абыр-сабыр, таң атпай құрбандық шалып, қазан көтеріп жатыр екен. Үйлеріне кіре берістегі аулада, сым шарбақтың ішінде қамаулы тұрған абадан қасқырды байқап қалдым. Байғұс аңның көздері жасаурап кетіпті. Мен өзім қасқырларды жастайымнан жақсы білемін және оларды түсінемін... "Обал боп тұр екен-ау" дедім ішімнен. Жүрегім дүрсілдеп кетті. Қасқыр маған қиыла қарады, өзінің жағдайын айтпай ұқтырғандай болды. Бәлкім ол да мені таныды. Тек маған айтар тілі жоқ еді...
- Бейтаныс жігіт менің кідірістеп қалғанымды байқады ғой деймін.
- Аға, бұл қасқырды мына Күйіктің асуынан ұстап әкеліп едік, үш айдай болды осында, өзі де зор, ә... - деді мақтанып. - Қолға үйренбейді екен бұл жыртқыш, берген тамағыңды алмайды, мына шарбақтың үстінен лақтырып тастаймыз етті, онда да түнде ғана. Біреулер сұраған еді, емдік қасиеті бар дей ме, өтін, тұяғын аламыз дей ме, уәде берген едім...
Мен ештеңе дегем жоқ, сонымен үйге кірдік.
Әңгіме былай екен:
-Аға, келініңізбен шаңырақ көтергенімізге онекі жыл болды. Бәрі бар бізде, тек ши

🇰🇿🇰🇿🇰🇿Ұлы мерекеміз құтты болсын!  Қазақстан елі жасай берсін!  Барша қазақ халқына амандық тілеймін. Еліміз тыныш, аспа...
30/08/2022

🇰🇿🇰🇿🇰🇿Ұлы мерекеміз құтты болсын! Қазақстан елі жасай берсін! Барша қазақ халқына амандық тілеймін. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, тек бейбітшілік орнаған заман болсын! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

Address

Oral

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Егов/ип/декрет posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Егов/ип/декрет:

Share