03/05/2022
Достар!
Өмірімдегі шешуші сәт - 2009 жылы ұстаздық жолын таңдауым болды. Ол кезде 11-ші сыныптың оқушысымын, шамамен 3 тоқсанның кезі, 1-ші сыныптан бастап банкир болам деп келген мен, сыныптасыммен болған қысқа ғана әңгімеден соң мамандығымнан бас тартамын. Сонда, келесі дұрыс мамандықты таңдауым керек болады. Сол сәттерде, менің алаңдауымды сезген Шоқан Мәлікайдар атты тәрбиешім, менің көзіме тікелей күлімсіреп қарап, “Нұрмұхаммед, сенен мықты ұстаз шығады” деп, білім саласына келуіме тікелей себепкер болған.
_______
Бірнеше күн бұрын, қазақ елінің жан-жағынан - Алматы облысы және Алматы, Шымкент, Қарағанды, Атырау қалаларынан арнайы шақыртуымызбен қонақ ретінде келген білім және ғылымға жанашыр жақындарымыз және достарымызбен Astana Garden School-дің жаңа кампусының қара шаңырағының астында рамазан себебімен бас қостық.
Сол жиынға Шымкентте тып-тыныш-ақ жатқан тәрбиешімді арнайы шақырып билетін алып тойымыздың барысында 140 досымның алдында шапан жабу бұйырды.
Жетістікке жетіп жатқан әрдір сәтте Шоқан ағамдай, өмірімде шешуші рөл ойнаған басқа да ерекше азаматтардың барын ұмытпаймын. Олардың әрбіріне ризашылығымды білдіру сәті алда бұйырар деп сенемін.
П.С. Жаңа ғимараттың ресми ашылуы мамыр айының аяғында деп жоспарлануда. Барлық достарымызды тағы да күтетін боламыз✊🏻🇰🇿