07/10/2024
🌞 Күн электр станцияларының түрлері және өзіңізге лайықтысын қалай таңдау керек?
🔌 Желілік күн электр станциясы
Тиімділігі: электр желісіне қосылған үйлер мен бизнес нысандарына.
Жұмыс істеу барысы: күн сәулесінен энергия өндіріп, оны тұтынуға береді.
Артықшылықтары: төлемдерден үнемдеуге және артық энергияны желіге сату арқылы табыс табуға мүмкіндік береді.
Кемшіліктері: қалалық желі өшкен кезде жұмыс істемейді.
Таңдаңыз, егер: үйіңіз немесе бизнесіңіз қалалық желіге қосылған болса және электр энергиясына шығынды азайтып, артық энергияны сату арқылы табыс тапқыңыз келсе.
🏡 Автономды күн электр станциясы
Тиімділігі: шалғайдағы үйлер, дачалар, фермалар және желіге қосылмаған нысандар.
Жқмыс істеу барысы: энергияны сақтау үшін аккумуляторларды пайдаланады.
Артықшылықтары: тәуелсіздік, шалғай жерлерге қолайлы, бірақ сондай-ақ, күн сәулесі болмаған кезде аккумуляторларды зарядтау үшін қалалық желіні қосуға болады.
Кемшіліктері: АКБ-ның жоғары құны, батареялардың шектеулі қызмет мерзімі, артық энергияны желіге бере алмайды.
Таңдаңыз, егер: сізге қалалық желіге тәуелсіз шешім қажет болса.
🔋 Гибридті күн электр станциясы
Тиімділігі: үнемдеу, резерв және монетизация маңызды үйлер мен бизнес нысандарына.
Жұмыс істеу барысы: энергия сақтау үшін желі мен АКБ-ны пайдаланады, тұтынуда икемділік береді. Сондай-ақ, артық энергияны желіге сатуға болады.
Артықшылықтары: аккумуляторсыз желілік станция ретінде жұмыс істей алады, сондай-ақ резервтік қуат үшін аккумуляторларды қосуға болады.
Кемшіліктері: желілік және автономды станциялармен салыстырғанда құны жоғарырақ.
Таңдауға кеңес береміз, егер: сізге желіге қосылып, аккумуляторларды қосу мүмкіндігімен максималды икемділік қажет болса. Сондай-ақ, артық энергиялық желіден пайда көру мүмкіндігі бар.
✨ Күн электр станциясын қалай таңдау керек?
Орналасқан жеріңізді және қажеттіліктеріңізді бағалаңыз: Егер сізде желі қосылып тұрса — желілік станция оңтайлы таңдау болуы мүмкін. Егер сізге толық автономия қажет болса — автономды станцияны таңдаңыз, бірақ қалалық желіні өшірмеуге болады. Ал икемділік пен тәуелсіздік іздейтіндер үшін гибридті станция ең жақсы нұсқа болады.
📩Байланысыңыз, біз таңдауға көмектесеміз!