Ranking.kz

Ranking.kz Независимая аналитика с высоким уровнем доверия

Telegram: https://t.me/rankingkz

25/05/2026

Согласно рейтингу Investment & Development в обзоре IMD World Talent Ranking, Казахстан занял 20-е место среди 69 стран по инвестициям и развитию человеческого капитала, причём за последние годы оценка улучшалась непрерывно: за четыре года — плюс 19 позиций. Казахстан оказался выше ряда развитых экономик, включая Великобританию, Южную Корею, Японию и Сингапур.

Заметный вклад в результат внесли непосредственно работодатели Казахстана. По показателю Employee training (обучение и развитие сотрудников) наша страна заняла 11-е место в мире.

А как оценивают местных работодателей региональные аналитики? Рассмотрим итоги конкурса «Премия HR-бренд Центральная Азия», который ежегодно проводит HeadHunter. В 2025 году в нём участвовали 69 проектов от 46 казахстанских, узбекистанских и кыргызстанских компаний.

Среди победителей особенно отличился Halyk Bank: это единственный казахстанский работодатель, получивший сразу две награды. Банк занял первое место в номинации «Мир» с проектом «Skill-based-культура и развитие компетенций с применением ИИ» и второе место в номинации «Страна» с проектом «Предиктивная модель выгорания». Первый проект Halyk Bank связан с переходом к skill-based-подходу в управлении персоналом. Банк использует ИИ и цифровую аналитику для оценки компетенций сотрудников и кандидатов, и формирует персональные рекомендации по развитию навыков и карьерной траектории внутри компании. Второй проект направлен на профилактику профессионального выгорания.

Среди банковского сектора также отмечены ANOR BANK (Узбекистан) с проектом цифровой трансформации, KMF Bank (Казахстан) с AI-наставником AiДана и TBC Bank (Грузия) с TBC Digital Academy.

Партнёрский материал.

19/05/2026

Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша кері РЕПО операцияларын ескергенде, ҚР банктерінің несие портфелі 43,4 трлн теңгені құрады. Бұл жыл басымен салыстырғанда 0,1%-ға (немесе 61,2 млрд теңгеге) аз. Естеріңізге салсақ, бүгінде Қазақстанның банк секторында 23 екінші деңгейдегі банк жұмыс істейді, оның 15-і — шетелдік қатысуы бар банктер, соның ішінде 10-ы — еншілес банктер.

Алдымен бірінші тоқсанда ҚР банктерінің (шетелдік қатысуы бар банктерді қоса алғанда) көрсеткіштерінің қалай өзгергеніне назар аударайық.

Бұл санаттағы ең жоғары өсімді елімізде ірі кредитор банктердің ондығына кіретін Alatau City Bank көрсетті: көрсеткіш 9,5%-ға артып, 1,3 трлн теңгеге жетті.

Келесі орынға Home Credit Bank жайғасты: плюс 5,7%, 1 трлн теңгеге дейін.

Ал үздік үштікті банк секторындағы жаңа ойыншы, бірақ Қазақстан нарығында бұрыннан бар ұйым түйіндеді. Әңгіме былтыр жазда елдегі ірі МҚҰ негізінде қайта құрылған жаңа екінші деңгейдегі банк — KMF Bank туралы. KMF Банктің несие портфелі бір тоқсанда 4%-ға (ал соңғы бір айда 2,2%-ға) өсіп, 345,6 млрд теңгеге жетті. Ал несие портфелінің көлемі бойынша банк Қазақстандағы 23 ЕДБ арасында 14-орында тұр — бұл айтарлықтай нәтиже. Банк ҚР АӨК-ны белсенді қолдап қана қоймай, топтық қарыз беру бағытында да жұмыс істейді және әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыруға айрықша мән береді.

Енді шетелдік еншілес банктерге тоқталайық. Бұл санаттағы ЕДБ арасында бірінші тоқсанда ең жоғары өсімді катарлық Lesha Bank-тің еншілес банкі — Bereke Bank көрсетті: көрсеткіш 5,6%-ға артып, 1,6 трлн теңгеге жетті.

Одан кейінгі орынға Корей елінің Шинхан Банкі орналасты: плюс 2,4%, 126 млрд теңгеге дейін. Үздік үштікті Қытай елі банкінің еншілес банкі — Altyn Bank түйіндеді: плюс 2,4%, 828,7 млрд теңгеге дейін.

19/05/2026

По итогам первого квартала текущего года ссудный портфель казахстанских банков с учётом операций по обратному РЕПО составил 43,4 трлн тг. Это на 0,1% (или 61,2 млрд тг) меньше, чем в начале текущего года. Напомним: на текущий момент банковский сектор Казахстана представлен 23 банками второго уровня, из которых 15 — банки с иностранным участием, в том числе 10 дочерних банков.

Для начала посмотрим, как изменились за первый квартал показатели казахстанских банков (включая банки с иностранным участием).

Самый заметный прирост в этой категории продемонстрировал Alatau City Bank, входящий в десятку крупнейших банков-кредиторов страны: плюс 9,5%, до 1,3 трлн тг.

Далее идёт Home Credit Bank: плюс 5,7%, до 1 трлн тг.

А замыкает тройку лидеров новичок в банковском секторе, но не на рынке Казахстана. Речь о KMF Банке — новом банке второго уровня, реорганизованном прошлым летом из крупнейшей МФО страны. Ссудный портфель KMF Банка вырос на 4% за квартал (и на 2,2% за последний месяц) и достиг 345,6 млрд тг. Примечательно, что по объёмам ссудного портфеля банк занимает 14-е место среди 23 БВУ РК — весомый результат. Помимо активной поддержки АПК РК банк также предлагает групповые займы и уделяет большое внимание кредитованию женского предпринимательства.

Теперь рассмотрим иностранные дочерние банки. В этой когорте БВУ наибольший рост за первый квартал продемонстрировал Bereke Bank — «дочка» катарского Lesha Bank: плюс 5,6%, до 1,6 трлн тг.

Далее идёт корейский Шинхан Банк: плюс 2,4%, до 126 млрд тг. Замыкает тройку лидеров китайский дочерний Altyn Bank: плюс 2,4%, до 828,7 млрд тг.

18/05/2026

Қазақстанның банк секторы сақталып отырған макроэкономикалық сын-қатерлерге қарамастан, тұрақты өсімін жалғастырып келеді. Екінші деңгейдегі банктердің активтері негізгі индикаторлардың бірі ретінде нарық ойыншыларының өсу қарқыны мен нарықтағы өзгерістерді айқын көрсетіп отыр.

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еліміздегі банк секторы активтерінің жалпы көлемі 70,5 трлн теңгеге жетті. Бір ай ішінде көрсеткіш 0,7%-ға немесе 500 млрд теңгеден астам сомаға өсті. Бұған дейін қатарынан екі ай бойы төмендеу байқалған еді.

Жекелеген қаржы институттары бойынша жағдай әртүрлі. Қазақстандағы 23 ЕДБ-ның 14-і оң динамика көрсетсе, қалған 9 банк бойынша кері көрсеткіш тіркелді.

Активтердің айлық өсімі бойынша ForteBank көш бастап тұр: плюс 173,5 млрд теңге немесе плюс 3,5%. Биылғы жылдың наурыз айының соңына қарай банктің активтері 5 трлн теңгеден асты. Айта кетерлігі, сәуір айының соңында банк 2025 жылға арналған қорытындысын жариялады. Онда қаржы институтының таза пайдасы 191 млрд теңгені құрағаны, ал меншікті капиталдың рентабельділігі (ROE) 32,9%-ға жеткені атап өтілді — бұл Қазақстанның банк секторындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Айлық өсім бойынша екінші орынға Halyk Bank орналасты: плюс 162,9 млрд теңге немесе плюс 0,8%.

Үздік үштікті Қазақстандағы Қытай банкі түйіндейді: плюс 153,3 млрд теңге.

Алғашқы бестікке Отбасы банк (плюс 120,2 млрд теңге) және Kaspi Bank те (плюс 107,3 млрд теңге) енді.

Жалпы алғанда, соңғы жылдардағы ұзақмерзімді динамикада еліміздің банк секторының активтері тұрақты түрде өсіп келеді және бұл өсім айтарлықтай жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Мәселен, ҚР ЕДБ активтері бір жыл ішінде шамамен 14%-ға артса, соңғы бес жылда 2 еседен астам ұлғайған. Соңғы бесжылдықта бұл көрсеткіш орта есеппен жылына 16,8%-ға өсіп отырған.

18/05/2026

Банковский сектор Казахстана продолжает демонстрировать устойчивый рост, несмотря на сохраняющиеся макроэкономические вызовы. Ключевым индикатором остаются активы банков второго уровня, через которые наиболее чётко прослеживаются темпы роста и сдвиги в рыночных позициях игроков.

По состоянию на 1 марта 2026 года общий объём активов банковского сектора страны достиг 70,5 трлн тг. За месяц сумма выросла на 0,7%, или более чем на 500 млрд тг. При этом ранее два месяца подряд наблюдалось сокращение.

В разрезе отдельных фининститутов ситуация существенно различается. Так, среди 23 БВУ РК положительную динамику показали 14 банков, отрицательную — 9.

Лидером по месячному росту активов стал ForteBank: плюс 173,5 млрд тг, или плюс 3,5%. К концу марта текущего года объём активов банка превысил 5 трлн тг. К слову, в конце апреля банк публично подвёл итоги 2025 года. Было отмечено, что чистая прибыль финансового института составила 191 млрд тг, при этом рентабельность капитала (ROE) достигла 32,9% — это один из самых высоких уровней в банковском секторе Казахстана.

Тем временем вторую строчку по месячному росту активов занял Halyk Bank: плюс 162,9 млрд тг, или плюс 0,8%.

Замыкает топ-3 Банк Китая в Казахстане: плюс 153,3 млрд тг.

В первую пятёрку по росту активов также вошли Отбасы Банк (плюс 120,2 млрд тг) и Kaspi Bank (плюс 107,3 млрд тг).

В целом за последние годы в долгосрочной динамике активы банковского сектора страны только растут, причём довольно высокими темпами. Так, за год объём активов БВУ РК увеличился почти на 14%, а за пять лет — более чем в 2 раза. В среднем за последнюю пятилетку показатель ежегодно рос на 16,8%.

15/05/2026

Жасанды интеллект (ЖИ) соңғы бірнеше жылда болашағы зор технологиядан әлемдік экономиканың негізгі драйверлерінің біріне айналды. Бүгінде ЖИ бизнес, білім беру, мемлекеттік басқару, қаржы секторы, медицина және өнеркәсіптен бастап барлық салаға белсенді түрде енгізіліп жатыр.

Қазақстан әлемдік үрдістерге жай ғана ілесіп қоймай, өз ЖИ-экожүйесін де белсенді түрде қалыптастырып жатыр. Еліміз қазірдің өзінде ОА мен ЕАЭО елдері арасында бәсекеге түсіп, айтарлықтай нәтижелер көрсетуде. Microsoft компаниясы дайындаған Global AI Diffusion рейтингісіне сәйкес Қазақстан ЖИ-дің таралу деңгейі бойынша ОА және ЕАЭО елдері арасында көшбасшы атанды.

Рейтинг 15 пен 64 жас аралығындағы ЖИ-ге байланысты кез келген сервистерді пайдаланатын халықтың үлесін көрсетеді. Басқаша айтқанда, елдегі ЖИ өнімдері мен цифрлық шешімдердің ену деңгейі неғұрлым жоғары болса, халықтың мұндай технологиялармен өзара іс-қимылы да соғұрлым белсенді болады.

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан 147 елдің ішінде 70-орынға ие болды, бұл — экономикасы әлдеқайда дамыған мемлекеттермен салыстырғанда, өте мықты нәтиже. Оның үстіне, Қазақстанның 15,9%-дық көрсеткіші ОА мен ЕАЭО-ның басқа елдерінің нәтижелерінен айтарлықтай жоғары. Салыстырсақ, ЖИ таралу деңгейі Беларусьте 9,6%-ды, Қырғызстанда 9,5%-ды, Ресейде 9,5%-ды, Өзбекстанда 7,2%-ды, ал Тәжікстан мен Түрікменстанда 6,1%-ды құрады.

Және де ҚР өңірдегі ЖИ ену деңгейі жоғары елдердің қатарында ғана емес, әлемдегі ең жоғары өсім қарқынын көрсетіп отырған мемлекеттердің бірі саналады. Сол рейтинг деректеріне сай Қазақстан ЖИ-сервистерін пайдаланушылар санының өсімі бойынша әлемдегі үздік 10 елдің қатарына енді: көрсеткіш 2025 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда бірден 25,6%-ға артты.

15/05/2026

Искусственный интеллект (ИИ) за последние несколько лет прошёл путь от перспективной технологии до одного из ключевых драйверов мировой экономики. Сегодня ИИ активно внедряется практически во все сферы — от бизнеса и образования до государственного управления, финансового сектора, медицины и промышленности.

Казахстан не только следует мировым тенденциям, но и активно формирует собственную ИИ-экосистему. При этом уже сегодня страна демонстрирует заметные результаты, уверенно конкурируя с другими государствами Центральной Азии и ЕАЭС. Согласно рейтингу Global AI Diffusion от компании Microsoft, Казахстан стал безусловным лидером среди стран ЦА и ЕАЭС по уровню распространения ИИ.

Рейтинг отражает долю населения в возрасте от 15 до 64 лет, использующего любые сервисы, связанные с ИИ. Иными словами, чем выше уровень проникновения ИИ-продуктов и цифровых решений в стране, тем активнее население взаимодействует с такими технологиями.

По итогам первого квартала 2026 года Казахстан занял 70-е место среди 147 стран — сильный результат, особенно с учётом конкуренции со стороны более развитых экономик. Более того: показатель РК — 15,9% — существенно превышает результаты других стран Центральной Азии и ЕАЭС. Для сравнения: уровень распространения ИИ в Беларуси составил 9,6%, в Кыргызстане — 9,5%, в России — 9,5%, в Узбекистане — 7,2%, в Таджикистане и Туркменистане — по 6,1%.

При этом РК не только входит в число лидеров региона по уровню проникновения ИИ, но и демонстрирует одни из самых высоких темпов роста в мире. Так, Казахстан вошёл в топ-10 стран по приросту численности пользователей ИИ-сервисов: показатель увеличился сразу на 25,6% по сравнению со вторым полугодием 2025 года.

08/05/2026

Қазақстанда банк салымдарының бірнеше түрі бар. Олардың ішінде ең жоғары табыс алып келетіні — толықтыру мүмкіндігі жоқ жинақ депозиті.

Осы депозиттерді қарастырайық. Талдауда жарты жылдық және бір жылдық ең жиі қолданылатын мерзімдерге назар аударамыз.

Қазақстандағы үздік 10 ЕДБ арасында мұндай тиімді депозиттерді 7 банк ұсынады: Halyk Bank, Банк ЦентрКредит, Freedom Bank, Bereke Bank, Еуразиялық Банк, Bank RBK және Alatau City Bank.

6 айға ашуға болатын өнімдерден бастайық. Бұл сегментте ең жоғары СЖТМ Еуразиялық Банктің «TURBO Deposit Жинақтаушы» депозитінде: жаңа ашылатын салымдар бойынша ең азы 10 млн теңгеден бастап 20,5–20,52%, ал 1 мың теңгеден басталатын салымдарда 20–20,01% деңгейінде белгіленген.

Келесі орында — Bank RBK (SAFE депозиті) және Freedom Bank («Капитал» депозиті): СЖТМ — 20%. Bank RBK-да мұндай салымды 15 мың теңгеден бастап ашуға болады, ал Freedom Bank-те ең төменгі шек — 500 мың теңге.

Енді 12 ай мерзімге ашуға болатын өнімдерді қарастырайық. Мұнда да ең жоғары СЖТМ-ны Еуразиялық Банк өзінің «TURBO Deposit Жинақтаушы» депозиті бойынша ұсынып отыр: 20,5%, 1 мың теңгеден бастап ашуға болады.

Одан кейін — Freedom Bank-тің «Капитал» депозиті (16,87%) және Bank RBK-ның SAFE өнімі (15,8%).

08/05/2026

В Казахстане действуют несколько видов банковских вкладов. Самый прибыльный из них — сберегательный депозит без возможности пополнения.

Рассмотрим эти депозиты. Анализировать будем популярные сроки на полгода и на год.

Среди топ-10 крупнейших БВУ РК такие привлекательные депозиты предлагают 7 банков: Halyk Bank, Банк ЦентрКредит, Freedom Bank, Bereke Bank, Евразийский Банк, Bank RBK и Alatau City Bank.

Начнём с продукта сроком на 6 месяцев. Самая высокая ГЭСВ в этом сегменте — у Евразийского Банка по продукту «TURBO Deposit Накопительный»: от 20,5% до 20,52% для вновь открываемых вкладов с минимальной суммой от 10 млн тг, и от 20% до 20,01% — при минимальной сумме вклада от 1 тыс. тг.

Следом идут Bank RBK (депозит SAFE) и Freedom Bank (депозит «Капитал»): ГЭСВ — 20%. При этом в Bank RBK можно открыть такой вклад на сумму от 15 тыс. тг, а во Freedom Bank — уже от 500 тыс. тг.

Теперь проверим продукт сроком на 12 месяцев. Здесь самую высокую ГЭСВ также предлагает Евразийский Банк по продукту «TURBO Deposit Накопительный»: 20,5% с минимальной суммой открытия от 1 тыс. тг.

Следом идут Freedom Bank с депозитом «Капитал» (16,87%) и Bank RBK с продуктом SAFE (15,8%).

06/05/2026

Толықтыру және ішінара алу мүмкіндігі қарастырылмаған депозиттік өнімдер бизнес үшін ең табысты салымдар болып саналады. Енді заңды тұлғалардың депозиттерінің шамамен 87%-ы шоғырланған Қазақстандағы ірі ЕДБ ұсынатын осы сегментті толығырақ қарастырайық.

Мұндай бизнес-салымдар бойынша 12 ай мерзімге ең жоғары жылдық тиімді мөлшерлемені ForteBank өзінің Forte Capital өнімі бойынша ұсынады: 15,22%. Салымды ашу үшін кемінде 100 мың теңге қажет. Сондай-ақ банкте ұзағырақ мерзімге ашуға болатын «Жинақ салымы» бар, мұндағы СЖТМ сегменттегі ең жоғары мөлшерлемелердің бірі болып саналады: 24 ай мерзімге 12,03%.

СЖТМ мөлшері бойынша келесі орында — Еуразиялық Банктің «Мерзімді» өнімі: 12 айға — 14,97%. Салымды ашу үшін қажет ең төменгі сома — 1 млн теңге.

Үздік үштікті Банк ЦентрКредит өзінің «Мерзімді» өнімімен түйіндейді: СЖТМ — 14,9%, депозитті ашу үшін керек ең төменгі сома — 100 мың теңге.

Жалпы алғанда, толықтыруға және ішінара алуға болмайтын 12 айлық бизнес-депозиттерді Қазақстандағы үздік 10 ЕДБ-ның 7-еуі ұсынады (корпоративтік салымдардың көлемі бойынша), ал бұл сегментте орташа СЖТМ — 13,69%.

06/05/2026

Самыми прибыльными вкладами для бизнеса традиционно являются депозитные продукты без возможности пополнения и частичного изъятия. Рассмотрим подробнее именно этот сегмент, предлагаемый крупнейшими банками по объёму вкладов юридических лиц, на долю которых приходится почти 87% от всех корпоративных вкладов в БВУ РК.

Наибольшую годовую эффективную ставку на срок в 12 месяцев по таким бизнес-вкладам предлагает ForteBank с продуктом Forte Capital: 15,22%. Минимальная сумма открытия вклада — 100 тыс. тг. У банка имеется также депозит на больший срок, «Сберегательный вклад», где ГЭСВ — одна из самых высоких в сегменте: 12,03% на срок в 24 месяца.

Следом по величине ГЭСВ расположился Евразийский Банк с продуктом «Срочный»: 14,97% на 12 месяцев. При этом минимальная сумма открытия вклада составляет 1 млн тг.

Замыкает тройку лидеров Банк ЦентрКредит с продуктом «Срочный»: ГЭСВ — 14,9%, минимальная сумма открытия депозита — 100 тыс. тг.

В целом бизнес-депозиты без возможности пополнения и частичного изъятия на 12 месяцев предлагают 7 из топ-10 БВУ РК по объёму корпоративных вкладов, а средняя ГЭСВ в сегменте составляет 13,69%.

Address

Улица Айманова, 140, блок "Б 6"
Almaty
050057

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77273450109

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ranking.kz posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Ranking.kz:

Share