25/06/2021
ВИЗУАЛ - УПАКОВКА
Парақшамды реттеуім керек, фотосессия жасатуым керек, образдар дайындау керек… тағысын-тағы деп жүргеніме алты ай өтіп кеті.
Қалай ойлайсыз, мен өзімді көрсету үшін жасаймын ба контентті? Мүлде олай емес! Жалпы, жұмысым инстаграмға тікелей байланысты. Сондықтан, мен ең алдымен өз парақшаммен жұмыс жасауым керек еді. Уақытты бос жіберіп алдым, дегенмен ештен кеш жақсы.
Сонымен, визуал және парақшаның упаковкасы не үшін керек?
Мысалы, мен СММ админ немесе маркетолог, сайт маманы, графикалық дизайнер ретінде өз қызметімді клиентке ұсынсам. Ол кісі бірден парақшамның сілтемесін сұрауы хақ. Ал, менде типичный мамочканың аккаунты. Клиент бірден не ойлайды? Әрине, “алдымен өз аккаунтын реттеп алмайма, бұл кісіде қандай эксперттілік болсын” - деп ойлауы мүмкін. Солайша атына заты сай еместің кейпін киіп қалып жатамын.
Бастысы жасау керек, көш жүре түзеледі👌