28/09/2026
Осы аптада инвесторлардың назарында АҚШ-тағы инфляция мен еңбек нарығына қатысты жаңа деректер болады. Олар ФРЖ-ның алдағы саясатына қатысты болжамға әсер етуі мүмкін. Корпоративтік оқиғалар арасында деректерді сақтау құрылғыларын өндіруші Micron Technology компаниясының есебі ерекше назар аудартады. Компанияның нәтижелері дата-орталықтар мен AI инфрақұрылымына деген сұранысты көрсетеді. Сондай-ақ осы аптада CarMax, Accenture және Nike компаниялары есеп береді. Барлық ақпаратты «айналма суреттен» ⏩ оқыңыз.
Ең маңызды ақпаратпен бөлісеміз:
📄 Тоқсандық есептер
Барлығы: 32 компания.
S&P индексіндегі есеп беретін компаниялар: 7.
Ең ірі компаниялар:
✅ Micron Technology (MU): 30.09, AMC.
✅ Accenture (ACN): 01.10, BMO.
✅ Nike (NKE): 01.10, AMC.
✅ Jabil (JBL): 30.09, BMO.
✅ Carnival (CCL): 29.09, BMO.
✅ McCormick (MKC): 01.10, BMO.
✅ Jefferies Financial (JEF): 28.09, AMC.
✅ FactSet Research (FDS): 30.09, BMO.
✅ Acuity (AYI): 01.10, BMO.
✅ CarMax (KMX): 29.09, BMO.
✅ Conagra (CAG): 30.09, BMO.
🇺🇸 29 қыркүйек күні Conference Board АҚШ-тағы қыркүйек айындағы тұтынушылардың сенім индексін жариялайды. Бұл көрсеткіш инфляция деңгейі жоғары болып тұрған жағдайда тұтынушылардың көңіл-күйін бағалауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ 29 қыркүйекте АҚШ-тағы шілде айындағы тұрғын үй бағалары туралы деректер жарияланады.
Сонымен қатар 29 қыркүйекте CarMax тоқсандық есебін ұсынады. Автокөлік бағасы айтарлықтай өскендіктен, осы жылдың басында компаниядағы белсенді инвесторлардың бірі CarMax-ты бағаны төмендету мүмкіндігін қарастыруға шақырған болатын. Жаңа есеп тарифтер мен АҚШ пен Канада арасындағы сауда соғысына байланысты пайдаланылған автокөлік нарығындағы баға қысымының қаншалықты жоғары болып отырғанын көрсетуі мүмкін.
30 қыркүйекте АҚШ-та тамыз айындағы PCE баға индексі жарияланады. Бұл — ФРЖ бағдар ретінде пайдаланатын негізгі инфляция көрсеткіштерінің бірі. Шілдеде PCE жылдық мәнде 3,7%-ға өсті. Тамыз айында бағалардың жылдық өсімі 3,8% болады деп күтілуде. Азық-түлік пен энергия бағаларын есепке алмайтын базалық инфляция 3,3%-дан 3,4%-ға дейін жеделдейді деп болжануда.
1 қазанда S&P Global және Жеткізуді басқару институты (ISM) АҚШ-тың өндірістік секторына қатысты PMI индекстерін жариялайды.
2 қазанда АҚШ-та қыркүйек айындағы еңбек нарығының есебі жарияланады. Инвесторлар жұмыспен қамту серпінін ФРЖ-ның алдағы мөлшерлеме шешімдеріне әсер ететін негізгі көрсеткіштердің бірі ретінде бақылайды.
🇨🇳 1 қазанда Қытайдың материктік қор биржалары Ұлттық күнге және «Алтын аптаға» байланысты жабық болады. Сауда-саттық 7 қазанды қоса алғанға дейін жүргізілмейді. Гонконг қор биржасы да 1 қазанда жұмыс істемейді.
– – –
На этой неделе в центре внимания инвесторов будут свежие данные по инфляции и рынку труда США, которые могут повлиять на ожидания по дальнейшей политике ФРС. Среди корпоративных событий выделяется отчёт Micron Technology – производителя памяти, результаты которого отражают спрос со стороны дата-центров и AI-инфраструктуры. Также на неделе отчитаются CarMax, Accenture и Nike. Делимся самым важным:
📄 Квартальные отчёты
Всего компаний: 32.
Отчётных компаний из индекса S&P: 7.
Крупнейшие имена:
✅ Micron Technology (MU): 30.09, AMC.
✅ Accenture (ACN): 01.10, BMO.
✅ Nike (NKE): 01.10, AMC.
✅ Jabil (JBL): 30.09, BMO.
✅ Carnival (CCL): 29.09, BMO.
✅ McCormick (MKC): 01.10, BMO.
✅ Jefferies Financial (JEF): 28.09, AMC.
✅ FactSet Research (FDS): 30.09, BMO.
✅ Acuity (AYI): 01.10, BMO.
✅ CarMax (KMX): 29.09, BMO.
✅ Conagra (CAG): 30.09, BMO.
🇺🇸 29 сентября Conference Board опубликует индекс потребительского доверия в США за сентябрь. Показатель поможет оценить настроения потребителей на фоне сохраняющейся высокой инфляции.
Также 29 сентября выйдут данные по ценам на жильё в США за июль.
Кроме того, 29 сентября квартальный отчёт представит CarMax. Цены на автомобили выросли настолько, что ранее в этом году один из активистских инвесторов компании призвал CarMax рассмотреть возможность их снижения. Новый отчёт может показать, насколько сильным остаётся ценовое давление на рынке подержанных автомобилей из-за тарифов и торговой войны США с Канадой.
30 сентября в США выйдет индекс цен PCE за август – основной показатель инфляции, на который ориентируется ФРС. В июле PCE вырос на 3,7% год к году. По августу ожидается рост цен на уровне 3,8% годовых. Базовая инфляция (без учёта цен на еду и энергоносители), по прогнозам, ускорилась до 3,4% годовых после 3,3% в прошлом периоде.
1 октября ждём индексы PMI по производственному сектору США от агентства S&P Global и Института управления поставками (ISM).
2 октября в Штатах будет опубликован сентябрьский отчёт по рынку труда. Инвесторы будут следить за динамикой занятости как за одним из ключевых ориентиров для будущих решений ФРС по ставке.
🇨🇳 1 октября фондовые биржи материкового Китая будут закрыты в связи с Национальным днём и началом «Золотой недели». Торги не будут проводиться до 7 октября включительно. Гонконгская биржа также будет закрыта 1 октября.