25/09/2022
Дыбысты анық айтуға ешқашан кеш емес
Дыбысты анық айту дегенде, мына фактіге назар аударған абзал. Балалардың тілінде түрлі кемшілік болуы мүмкін. Бірінің тілі жуан, екіншісінікі қысқа...
Мұның бәрінің дыбыс жүйесіне ықпалы бар. Сондықтан арамызда л,р,ш,с,ғ,қ дыбысын анық айта алмайтындар кездеседі. Адам баласы шамамен 4 жасқа дейін барлық дыбысты анық айтуы тиіс. Тек р дыбысын айтуды 5 жасқа дейін меңгереді екен.
Мұндай балалардың артикуляциялық аппараты дұрыс жұмыс істемейді. Яғни, бала қай дыбыстың қайда орналасатынын түсінбейді. Фонетикалық дыбыстарды ажырата алмайды. Негізі, 5 жасқа дейін балаларды маманға апарып, тіл бұзылыстарын дұрыстауға болады. Сондай-ақ тіл жүгеншегін (уздечка) кесіп жатады. Бұл да бір шешім болуы мүмкін. Өйткені жүгеншек бала тілін не жоғары көтеруге, не төмен түсіруге кедергі жасайды. Бірақ бұл ақырғы амал емес.
Мысалы, бір ата-ана жүгеншекті кесуден үзілді-кесілді бас тартты дейік. Баламен үзіліссіз жаттығу жасап, тілінің астына массаж жасау арқылы «Р» дыбысын анық айтқызуға болады.
Менің ойымша, дыбысты анық айтып үйрену ешқашан кеш емес. Сондықтан белгілі бір дыбысты айта алмауды ар санамай, көңіл көншітерлік нәтижеге жетуге болады.
#логопедатырау #дефектологатырау