Атырауский производственный филиал АО "Qazaqgaz Aimaq"

  • Home
  • Kazakhstan
  • Atyrau
  • Атырауский производственный филиал АО "Qazaqgaz Aimaq"

Атырауский производственный филиал АО "Qazaqgaz Aimaq" Директор - Рахметов Кайсар Саматович

Лазерлік детектор, бейнеэндоскоп, полиэтилен құбырларын дәнекерлеу - QazaqGaz Aimaq техникалық форумда не ұсындыАтырау қ...
19/09/2026

Лазерлік детектор, бейнеэндоскоп, полиэтилен құбырларын дәнекерлеу - QazaqGaz Aimaq техникалық форумда не ұсынды

Атырау қаласында мұнай-газ саласындағы техникалық қызмет көрсету мәселелеріне арналған PetroMaintenance-2026 IV форумы өтті. PetroCouncil мұнай-газ кеңесі ұйымдастырған шараға Энергетика министрлігі, «QazaqGaz» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

Форумда «QazaqGaz Aimaq» АҚ Атырау өндірістік филиалының бас инженері Андрей Нарыжный газ тарату инфрақұрылымын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы тәжірибені таныстырды. Филиалдың заманауи шешімдерінің бірі – метанның ағып кетуін қашықтан анықтайтын лазерлік детектор. 2026 жылдың басынан бері осы технологияның көмегімен 1,6 млн метрден астам газ құбыры тексеріліп, 29 газдың ағуы анықталды.

Сондай-ақ бейнеэндоскоп, полиэтилен құбырларын дәнекерлеуге арналған заманауи аппарат және басқа да арнайы жабдықтар қолданылуда.

Форум – заманауи технологияларды талқылауға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.

18/09/2026

Атырауда Aqyl Energy жобасы іске
асырылуда

Атырау өндірістік филиалында Aqyl Energy жобасы аясында газды цифрлық есепке алу жүйесіне көшу басталды. Қолданыстағы тұрмыстық тұтынушыларға смарт-есептегіштерді сатып алу, орнату және ақпараттық жүйеге қосу жұмыстары «QazaqGaz Aimaq» АҚ қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, 2030 жылға дейін жалғасады.

31/08/2026

Атырау қаласында жылу беру маусымына дайындық бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымы кезінде әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындардың үйлерінде өрт профилактикасы, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Іс-шара барысында «Аймақ Жалын Газ» ЖШС мамандары газбен жылыту қазандықтарының мұржаларын тазалау жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Атырау өндірістік филиалының апаттық-диспетчерлік қызметімен бірлесіп рейдтік-профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды.

Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, газ жабдықтарын дұрыс пайдалану және жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті жадынамалар таратылды.

Аталған профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – тұрғын үйлердегі өрт және газға байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

13/07/2026
📍eGov Mobile мобильді қосымшасында газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн түрде өз бетінше жолдауға мүмкіндік беретін жаңа ...
18/06/2026

📍eGov Mobile мобильді қосымшасында газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн түрде өз бетінше жолдауға мүмкіндік беретін жаңа QazaqGaz Aimaq сервисі іске қосылды. Сервис контролерді күтіп, қағаз құжат толтыру қажеттілігін жояды. Қосымша түрде жіберілген көрсеткіштердің дұрыстығын жасанды интеллект тексереді.

📲Бұған дейін газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн тек QazaqGaz Aimaq қосымшасы арқылы жолдауға болатын. Енді бұл мүмкіндік eGov Mobile ішінде қолжетімді, бөлек қосымша орнатудың қажеті жоқ. Сервис уақытты үнемдеуге және нақты көрсеткіштерге сүйене отырып газ төлемін дәлірек есептеуге мүмкіндік береді.

✔️Сервистің негізгі ерекшелігі – көрсеткіштерді жасанды интеллект арқылы автоматты тексеру. Жүйе есептегіштің фотосын енгізілген деректермен салыстырып, сәйкессіздіктерді жібермей тұрып анықтайды. Бұл қолмен енгізу кезіндегі дәлсіздіктерді болдырмайды, пайдаланушыны қате есептеулерден қорғайды және контролер тарапынан қосымша тексеру қажеттілігін азайтады.

📌Көрсеткіштер ай сайын 25-інен келесі айдың 5-іне дейін қабылданады. Онлайн жолдау қолмен енгізу кезіндегі қателіктерді азайтады, газ тұтынуды дәлірек есепке алуға мүмкіндік береді және деректердің мемлекеттік цифрлық платформа арқылы қауіпсіз берілуін қамтамасыз етеді.

📍 В мобильном приложении eGov Mobile появился новый сервис – QazaqGaz Aimaq, который позволяет пользователям самостоятел...
18/06/2026

📍 В мобильном приложении eGov Mobile появился новый сервис – QazaqGaz Aimaq, который позволяет пользователям самостоятельно передавать показания приборов учета газа онлайн. Сервис избавляет от необходимости ждать визита контролера и заполнять бумажные документы. Дополнительно достоверность передаваемых показаний помогает обеспечить искусственный интеллект.

📲 Ранее передать показания газового счетчика онлайн можно было только через приложение QazaqGaz Aimaq. Теперь эта функция доступна и в eGov Mobile – без необходимости устанавливать дополнительные приложения. Среди преимуществ нового сервиса – экономия времени и более точное начисление платы за газ на основе фактических показаний.

✔️ Ключевая особенность сервиса – автоматическая проверка показаний с помощью искусственного интеллекта. Система сопоставляет фотографию счетчика с введенными данными и выявляет возможные расхождения еще до отправки. Это исключает опечатки и ошибки при ручном вводе, защищает пользователя от некорректных начислений и снимает необходимость в дополнительной проверке со стороны контролера.

📌 Показания принимаются с 25-го по 5-е число каждого месяца. Онлайн-передача снижает вероятность ошибок при ручном вводе, делает учет фактического потребления газа более точным и обеспечивает безопасную передачу данных через государственную цифровую платформу.

ӨНДІРІС ПЕН ТАБИҒАТТЫҢ ҮЙЛЕСІМІБүгін Астанада “Интергаз Орталық Азия” компаниясы ұйымдастырған экология форумында екі бі...
05/06/2026

ӨНДІРІС ПЕН ТАБИҒАТТЫҢ ҮЙЛЕСІМІ

Бүгін Астанада “Интергаз Орталық Азия” компаниясы ұйымдастырған экология форумында екі бірдей “QazaqGaz Aimaq” АҚ қызметкерінің еңбегі атап өтілді.

Олар орталық аппараттағы Өндірістік бақылау, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау қызметінің менеджері Гүлмира Қожахметова мен оның Қостанай өндірістік филиалындағы әріптесі, жетекші маман Гүлжан Жұбикенова болды.

Форум барысында осы жылдың сәуір айында елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен RES-2026 экология саммиті әңгіме арқауына айналды.

“QazaqGaz Aimaq” АҚ “QazaqGaz” ҰК” АҚ компаниялар тобының ажырамас бөлігі ретінде өзінің өндірістік қызметінде қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарайды.

04/06/2026

Отбасы, ошақ қасының жылуы – иен даланы жайлаған қазақ халқы үшін әрқашан маңызды боп қала бермек. Бұл ретте «QazaqGaz Aimaq» АҚ қызметі де әр үй ішіндегі жылулық пен жайлылықты сақтауға бағытталған. Көгілдір отын қуаты бір шаңырақ астына жиналған тату отбасының ырысын арттырып, мейманасын тасытады!

Address

Улица З. Гумарова, 94
Atyrau
060000

Opening Hours

Monday 08:00 - 12:00
13:30 - 17:30
Tuesday 08:00 - 12:00
13:30 - 17:30
Wednesday 08:00 - 12:00
13:30 - 17:30
Thursday 08:00 - 12:00
13:30 - 17:30
Friday 08:00 - 12:00
13:30 - 17:30

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Атырауский производственный филиал АО "Qazaqgaz Aimaq" posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share