asem.smm

asem.smm Интернет Маркетолог

 #справки #егов #услуги #онлайн
18/04/2023

#справки #егов #услуги #онлайн

🤱🏼 Менің декретте отырғаныма 2 жылдай боп қалды... Осы уақыт аралығында мен жұмыс орнымды, істеген жұмысымды ұмыта баста...
18/02/2021

🤱🏼 Менің декретте отырғаныма 2 жылдай боп қалды... Осы уақыт аралығында мен жұмыс орнымды, істеген жұмысымды ұмыта бастадым.. Бір жағынан үйдің күнделікті қайталана беретін күйбең тіршілігінен де, карантинде баламен үйде отырғанымнан да жалыға бастадым..

Сөтіп жүргенде өмірімдегі ең ауыр сынақты басымнан өткіздім. Анамнан айырылып, қатты күйзеліспен бірнеше айлар бойы депрессияда болдым. АЛЛАНЫҢ қалауынсыз ештеңе болмайды ғой, бәрінің басынан өтетін сынақ қой, отбасыма да дұрыс көңіл бөлуім керек деп, ес жия бастадым.

Содан біржола депрессиямен, “деградатициямен” (қараңғылыққа салыну) дос боп кетпейін деп, мен бір шешім қабылдадым.
Ол шешімім - Шонбай Бизнес Мектебінен интернет маркетолог курсын оқып, сол курстан алған білімім арқылы үйде отырып табыс табу болды. 👩🏼‍🎓

👩🏼‍💻 Осы курсты оқығалы кез келген салаға Сайт жасау, креативті фото мен видео түсіруді, СММ қызметін көрсету, Копирайтингпен мағыналы посттар жазуды үйреніп қана қоймай, керекті клиенттерге дәл тигізетін Таргет рекламасын жасаудың да қыр-сырын оқып үйрендім.

Достар, егер сіздердің бизнес немесе кәсіптеріңізді онлайн форматқа ауыстыру қажет болса, маған хабарлассаңыздар болады. Тегін консультация беріп, өзіңізге керекті қызметті көрсетіп бере аламын.



ФРИЛАНСЕРІК ЖҰМЫС⠀Қаіргі карантин кезінде ОНЛАЙН БИЗНЕС туралы ойланған болсаңыз, оқыңыз ⤵️⠀Фрилансерлік жұмыс - сіз қал...
15/02/2021

ФРИЛАНСЕРІК ЖҰМЫС

Қаіргі карантин кезінде ОНЛАЙН БИЗНЕС туралы ойланған болсаңыз, оқыңыз ⤵️

Фрилансерлік жұмыс - сіз қалаған жолмен өмір сүру үшін көптеген мүмкіндіктер береді! Істегіңіз келген жұмысты, проектіні өзіңіз таңдайсыз! 👌

⏰ Сіз өзіңіздің уақытыңызды өзіңіз жоспарлайсыз: кез-келген уақытта, күндіз де, түнде де жұмыс жасай аласыз, өз кестеңізді дербес жоспарлай аласыз.

😎 Өз өзіңізге бастық боласыз, ешкімге есеп берудің қажеті жоқ, қадағалау жоқ!

✅ Сіз өзіңіздің жұмысыңызды таңдайсыз: тек сүйікті ісіңізді жасап, өзіңізге ұнайтын жобалармен айналысасыз.

📱Сіз әлемнің кез-келген нүктесінен жұмыс жасай аласыз. Сізге тек керегі - Интернет пен құрылғы (ноутбук, телефон, планшет).

🤝 Сіз жұмыс берушіні, яғни тапсырыс берушіні өзіңіз таңдайсыз: сіз тек өзіңіз жұмыс істеуге разы адамдармен жұмыс жасайсыз.

Фрилансердің тағы қандай артықшылықтарын білесіз? Пікірлерде жазыңыз 👇🏻



БӘРІ ШАРШАТТЫ..⠀Бітпейтін МАРАФОН, СЕМИНАР-ТРЕНИНГ, ОНЛАЙН - ВЕБИНАР, КУРСТАР..⠀Қазір қандай желіні ашсаң да, түрлі курс...
13/02/2021

БӘРІ ШАРШАТТЫ..

Бітпейтін МАРАФОН, СЕМИНАР-ТРЕНИНГ, ОНЛАЙН - ВЕБИНАР, КУРСТАР..

Қазір қандай желіні ашсаң да, түрлі курстар, тренингтер, марафондар өткізу туралы рекламалар шыға береді ия?! Көбіміз шаршатты осы жарнамалар, даму, жетілу, онлайн табыс табу деп отырамыз 😃

🤔 Бірақ бір сәт былай ойлап көрейікші... Неге осылар шыға береді деп емес, не үшін керек екен, берері, пайдасы қандай деп?!
Әрине әр қайсысының өз бағыты, тематикасы, өзіндік ерекшеліктері бар.

Қазір осы әлеуметтік желі, цифрландыру заманы, кез-келген жұмыстың түбі айналып келіп, интернетке тіреледі. Былтырдан жалғасып келе жатқан Карантиннен соң, онлайн форматтың маңызы да арта түсті. Неге қазір мұндай курс, тренингтар көп? СЕБЕБІ қоғамда оған ҚАЖЕТТІЛІК, СҰРАНЫС көп. Сізге қызық емес болса, басқаларға кәдімгідей қажет дүние.

☝ Тек осы курс, марафондарды сол істің нағыз маманынан оқып, үйренген дұрыс. Болашақта әлеуметтік желілер, оның ішінде ИНСТАГРАМ дамымаса, ешқашан өшпейді. Соған сай Копирайтер, Таргетолог, Дизайнер, Мобилограф, Сайт жасау маманы, Инфопродюссер сияқты мамандықтарға қажеттілік арта түседі.

Қысқасы оқып, оқыған білімін пайдаға асырып қолдана білген адам, ешқашан көштен қалмайды.

Сондықтан да мен нарықтағы ең ең деген .school -ды таңдап, өзіме инвестиция жасадым. 🤗 😎

Араларыңызда марафон не курсқа қатысқандарыңыз бар болса комментариге жаза кетіңіздер ⤵️



ИНСТАТЕРМИНДЕРМЕН БӨЛІСЕЙІК..⠀ИНСТАГРАМДА  әрқайсым­ыз  табыс тапқымыз келед­і. Бірақ, инстаграмн­ың қарапайым терминд­е...
04/02/2021

ИНСТАТЕРМИНДЕРМЕН БӨЛІСЕЙІК..

ИНСТАГРАМДА әрқайсым­ыз табыс тапқымыз келед­і. Бірақ, инстаграмн­ың қарапайым терминд­ерін білмей жатамыз. Сондықтан, сіздермен маңызды деген біраз терминдерді талқылай кетейік.
Постымды жоғалтып алмас үшін лайк басып, сақтап алыңыз!

🟢 Контент – парақшаға шығарылып жатқан мат­ериал, фотосурет, ви­део мен мәтіндер.

🟢 ЦА – целевая аудитор­ия. Мақсатты аудитор­ия- сіздің потенциал­ды оқырмандарыңыз.

🟢 ЛИД – клиенттер. То­лтырылған заявка, кл­иенттер контакттері болуы мүмкін.

🟢 Показы – сіздің пост­тың көрсетілуінің са­ны. Мысалы, охват 40, по­каз 80. 40 адамға по­стыңыз 2 рет көрінді.яҒНИ, бір адам по­стты НЕШЕ РЕТ көрсе, әрбірі показға жазыл­ады.

🟢Охват – статистика көрсеткіші, сіздің постты/парақшаны көрген адамдар сан­ы.

🟢 Накрутка – парақшаға көңіл аударту мақса­тында жасанды жолмен оқырман санын, лайк, видео көруді артты­ру. Әдетте өлі аккаунттар мен боттарды накру­тка жасайды.

🟢 Автопостинг – постта­рды автоматты түрде шығару. Белгіленген уақытта таңдалған суреті мен текстін автоматты түрде шығарып беру.

🟢 Таргетинг – инстагра­мның ресми ақылы жар­намасы. Инстаграмда продвигать батырмасы арқылы немесе фейсб­уктан инстаграмға жа­салады.

🟢 Giveaway (гивевей, гив) – инстаграм­дағы конкурс. Әдетте ең басты талабы под­писки бөліміндегі ба­рлық спонсорға тірке­лу.гИВ-ты біздің жұлдыздар жасағыш боп келеді ғой )

⁉️ Ал сіз қандай терминдер қосатын едіңіз? Бөл­ісе отырыңыз ⤵️

НЕГЕ ИНСТАГРАМ  №1?🤔⠀Инстада ең керемет идеялар енгізілуде. Қазіргі таңдағы инстаграм әлеуметтік желісінің иесі Марк Цук...
31/01/2021

НЕГЕ ИНСТАГРАМ №1?🤔

Инстада ең керемет идеялар енгізілуде. Қазіргі таңдағы инстаграм әлеуметтік желісінің иесі Марк Цукерберг бір интервьюінде: «Инстаграм келешекте №1 сауда алаңы болады» деп мәлімдеме жасаған болатын, қазір бұл - ақиқатқа айналды.

Оған себеп:

📱 Мобильді версия.
Инстаграм алғашында - ақ мобильді версияға арналып жасалған. Веб - нұсқасы тек бизнеске арналған.

📺 Жаңалық әлемі.
Ешкімге құпия емес, бүгінгі таңда кез келген жаңалықты бірінші болып инстадан естиміз.

📈 Жаңа функциялар (нововедение).
Инстаграм әр ай сайын, тіпті, кейде күн сайын дамуда. Әлемде қандай тренд жаңалық шықса, инста өзіне сол жаңалықты енгізуде.

💃 Позитивті алаң.

🪃 Кері байланыс.
Инстаграм түрлі кері байланысқа арналған функциялары бар. (комментарий, сауалнама, сұрақ - жауап, тест т.б.)

Негізі, Қазақстанда 🇰🇿 инстаграм енді дамып келеді.
Сіз де жаңа трендтен құр қалмаңыз 📲

СІЗ КІМСІЗ?Психолог Эрик Берн адамдарды үш топқа бөліпті:😔 жолы болмайтындар;😊 орта жолдағылар;😃 жеңімпаздар.⠀🎯 Жеңімпаз...
30/01/2021

СІЗ КІМСІЗ?

Психолог Эрик Берн адамдарды үш топқа бөліпті:
😔 жолы болмайтындар;
😊 орта жолдағылар;
😃 жеңімпаздар.

🎯 Жеңімпаздар - көздеген мақсатына жеткенше тынбайтын, барлық идеясын жүзеге асыратын, өмірін жақсы жаққа өзгертетін жандар.

Оларда бір ғана жоспар емес, бірнеше жоспар бар. Біреуі болмай қалса, жылап отырмай, келесісіне кірісіп кетеді. Бірдеңені ғана көздеп, соған ғана иек артпайды.

Жеңімпаз болудың бірнеше жолын ұсынамын, сақтап алыңыз 👍

✅ Алғыс айтыңыз.
Қазір қолда бардың бәріне рақмет айтыңыз🙏

✅ Өміріңіздің жауапкершілігін қолыңызға алыңыз да "бүйту керек ед", "сөйту керек ед" деп отыра бермей, алға жылжыңыз. Кез келген қиындықты қабылдаңыз да әрекетке көшіңіз.

✅ Іште реніш ұстамаңыз.
Негатив эмоция адамды іштен жейді де, түрлі ауруға әкеледі. Сондықтан өзгені кешіру - ең алдымен өзіңізге керек.

✅ Энергияңызды босқа құртпаңыз. Өзгенің минусын теріп, мінін тізгенде өте көп энергияңызды жоясыз. Жалпы негатив ой, негатив сөздің бәрі қуатты жояды. Одан да күшіңізді идеяңызды жүзеге асыруға жұмсаңыз.

✅ Үнемі дамыңыз, жақсы ой ойлаңыз. Кітап оқып, пайдалы парақшаларды ғана қараңыз.
Жақсы көріп айналысатын ісіңізбен айналысыңыз.

Жалпы табысты, жеңімпаз болу - еңбектің нәтижесі. Әрекет етіңіз! "🍎 піс, аузыма түс" деп отыра бермеңіз! 😀

❓Ал енді Сіз өзіңізді табысты әрі жеңімпаз болуға лайық көресіз бе? Пікір қалдыра кетіңіз⤵️



МЕН КЕЗІНДЕ ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАМ...⠀не ұрлағаным қызықтырса, соңына дейін оқып, пікір қалдыра кетіңіздер 😊⠀Алла кешірсін, бірақ...
27/01/2021

МЕН КЕЗІНДЕ ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАМ...

не ұрлағаным қызықтырса, соңына дейін оқып, пікір қалдыра кетіңіздер 😊

Алла кешірсін, бірақ өмірімде ешкімнің "затын" ұрлап көрмеппін негізі. Менің жасаған ұрлығым - ол текст көшіріп алу болатын.

Неге олай істеді деп ойлайсыздар? Ең алдымен Инстаграм әлеміне құр фото салып қана қоймай, ел сияқты табыс тауып бастайын деген ой келді. Содан франшиза сату деген “бизнес” түрін рекламадан көріп қалып бастап кеттім. Шынымды айтсам, басында не істеп жүргенімді өзім де түсінбейтін едім. Бірақ маған сатқан адам "менің посттарымды көшіріп алып сала бересіз" дегенін тыңдап солай бастағам ғой..

Кейін барлық каналдағы ақпаратты қарап, оқи берген соң миыма кіре бастады. Ішінде пайдалы дүниелер де көп екен. Сол кезде алғаш рет таргет, лид, контент, инфобизнес деген термин сөздерді ұға бастадым. Өзім де пост жаза бастадым.

Міне, бұл менің Инстаграмдағы бірінші "опытым" болатын. Сол опыттан қалған біраз пайдалы посттарымды ғана қалдырып қойдым (ұрланбаған😀). Біраз табыс та таптым, бірақ бұл онлайн бизнес түрі уақыт келе құнсыздана бастады.Содан кейін мен де табыс табудың басқа варианттарын қарастыра бастадым.

Бірақ, алдағы уақытта мені өмірімдегі ең үлкен сынақтың күтіп тұрғаны "АЛЛАҒА" ғана мәлім болған екен..
Ол сынақ туралы келесі постта бөлісейін..



19/05/2020

"Өз өзіне" жұмыс істегісі келетін немесе "қосымша" табыс тапқысы келген жандарға жаңа мүмкіндіктер ұсынамын 🤗

Жаныңызға жақын істі таңдап,сол арқылы ақша 💰табу жолдарын үйрететін "БІЛІМ" Курстары қолжетімді бағада 📲 87471894661

Бүгінгі пост жалпы пост салу уақыты және күніне қанша пост салу керек сол жайында👇🏻 Лайық деп тапсаңыз,❤ басып сақтап ал...
16/05/2020

Бүгінгі пост жалпы пост салу уақыты және күніне қанша пост салу керек сол жайында👇🏻 Лайық деп тапсаңыз,❤ басып сақтап алыңыз!

✅Постты өзіңізге ыңғайлы уақытта емес, оқырмандарыңыздың белсенді уақытында салыңыз😉

♻️Пост салудың уақыттары:

⏰ 8-10 аралығында, адамдар таңертен ұйқысынан тұрып, жұмысқа барар уақытында инстаграмға кіреді

⏰ 12-14 түскі үзіліс уақытында инстаграмға уақыт бөледі

⏰ 21-24 аралығы, барлық жұмыстарды бітіріп, ұйықтар алдында инстаграмға кіреді

♻️Қанша пост салу керек?

🔷Егерде инстаграмда дамытқыңыз келсе күніне 2-3 пост салу керек!

🔷Жаңадан дамып келе жатқан блогер болсаңыз күніне 1 пост салғаныңыз дұрыс

❌ 1 постты салып 2-3 күн жоғалып кетпеңіз, себебі, охватыңыз бірден төмендеп кетеді!

#смм #инстаграм #инстадизайн

КОНТЕНТ ЖОСПАР⠀❤ басып, сақтап алыңыздар 😊!⠀Контент жоспар (контент план) не үшін қажет, ол қандай болу керек деген сұра...
15/05/2020

КОНТЕНТ ЖОСПАР

❤ басып, сақтап алыңыздар 😊!

Контент жоспар (контент план) не үшін қажет, ол қандай болу керек деген сұрақтарға тоқталсақ!

Контент план - белгілі бір мерзімге жасалған болашақ посттардың кестесі.

📅 Негізі посттарды 30 күнге жоспарлау керек дейді мамандар, ондай мүмкіндік болмаса 7 күнге міндетті түрде құрастыру қажет.

Енді осы бір аптаға қандай посттар жоспарлаймыз?

Кез келген парақшада онлайн дүкен, блогер, фудблогер, қызмет көрсету саласы болса да, үнемі "жарнама", "рецепт", "білім беру" туралы жаза берсек, адамдар шаршайды.

Ол үшін контент 3 бағытта болуы керек:

✔ Пайдалы посттар - 60% (кеңестер, лайфхактар, мысалдар, бағдарламалар)
✔ Сатылым әкелетін посттар - 20% (ниша бойынша ақпарат, пікірлер, до/после, акция, марафондар)
✔ Көңіл-күй әкелетін посттар - 20% (мотивациялық пост, сұрақ/жауап, ойын, конкурс, құттықтау, сынақтамалар).

Жоғарыда айтылған пост түрлерімен контент план құрып, әр постқа фото/видео жоспарлану қажет!

🔊 Сонда Сіздің уақытыңыз үнемделеді. Бүгін не жазамын, қандай фото саламын деген сұрақтар болмайды! 😊

Ақпарат пайдалы болса, комментарий жаза кетіңіздер 😊.

#смм
#аккаунтжүргізу
#инстапарақшажүргізу
#лидмагниттегінкәмпит

ПРОФИЛЬ ШАПКАСЫ👀⠀Көптеген инстаграм қолданушылар өз аккаунтының сәнін келтіріп тартымды көрінгенін қалайды. Ал парақшаны...
14/05/2020

ПРОФИЛЬ ШАПКАСЫ👀

Көптеген инстаграм қолданушылар өз аккаунтының сәнін келтіріп тартымды көрінгенін қалайды. Ал парақшаның дұрыс толтырылуы ең басты көзге түсетін жер

💫Профильдің шапкасына:
1◽Аватарка
2◽Логин
3◽ "О себе" бөлімі кіреді

✅ Аватарка
Көптің назары ең алдымен сіздің суретіңізге түседі. Ава қойғанда жоғары сапалы фото қойған дұрыс және парақшаңыздың стиліне сай болса тіпті керемет. Бизнес парақшалар үшін тауар фотосы немесе әдемі, анық оқылатын логотип болғаны жақсы.

✅ Логин
Қысқа әрі оқылуы оңай болуы тиіс, себебі, оқырмандарға ұзақ символды және логиндегі цифраларды есте сақтау қиынға соғады. Максималды 12 символдан аспаса жарайды.

✅ "О себе" бөлімі. Парақшаңызға кірген оқырманның сізге жазылу, жазылмауы тікелей осы бөлімнің толтырылуына байланысты. Қызықты ақпарат беріп, өз қызметіңізді, “Адамдар сізді не үшін оқуы керек?”-деген сұраққа осы жерде жауап жазғаныңыз дұрыс.

Оқырман санының көбеюіне, потенциалды клиент табылуына 60% профиль шапкасының дұрыс болуы әсер етеді💰

Профиліңді жөндеуге асық😉

#смм
#сммтабыс
#инстаработа
#инфобизнес
#любовь❤️
#ботмотсоттот

Address

Semey

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when asem.smm posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to asem.smm:

Share