baizhanovaassem

baizhanovaassem Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from baizhanovaassem, Brand, Казахстан, Shymkent.

09/07/2023
Мұсылман еместің бірі сізге келіп:- Мұсылман деген кім, деп сұраса, сіз оған;- Маған қарап мұсылманның кім екенін біле б...
06/05/2023

Мұсылман еместің бірі сізге келіп:

- Мұсылман деген кім, деп сұраса, сіз оған;

- Маған қарап мұсылманның кім екенін біле бергейсің, деп айта аласыз ба?

Ассаляму’алейкум оянған жүрек ❤️Көптен күткен кезекті  рухани кездесуіміз Астана қаласында болмақ. 😍05.03.2023жҚозғалаты...
11/02/2023

Ассаляму’алейкум оянған жүрек ❤️

Көптен күткен кезекті рухани кездесуіміз
Астана қаласында болмақ. 😍
05.03.2023ж

Қозғалатын тақырып «Қарым-қатынас»
Оның ішінде:
•Алламен;
•Өзіңмен;
•Ер мен әйел;
•Ата-анамен;
•Баламен;
•Ортамен қарым-қатынас;

Сізге бұл жазба шығып тұрса, мүмкін бұл Аллах тағаладан келген белгі шығар. Сұрағыңызға жауап таба аласыз деген ойдамыз.

Рухани кештен керемет әсер мен өмірлік азық алатыныңызға сенімдіміз Ин ша Аллах! 🤲🏻 Сізді ерекше орта мен сезімдер күтуде! ✨

🛑Орын саны шектеулі.
Тіркелу үшін осы номерге жазыңыз!
87771533137

🌷 Әссаламу алейкум құрметті жан👋⠀“Ата-ана мәртебесі” кітабы Алланың қалауымен жарық көрді. Тек ғана кітап емес, Алла қа...
02/12/2022

🌷 Әссаламу алейкум құрметті жан👋

“Ата-ана мәртебесі” кітабы Алланың қалауымен жарық көрді. Тек ғана кітап емес, Алла қалауымен түсіндірмелі сабақтары да бар!

Ата-ана ризалығын мақсат қылсаң, есіл-дертің ата - ана ризалығы болса, жасаған жас, сүрген өмір, қылған кәсіп, тіршілігіңнің пайдасын көресің. Бұл үшеуінің ризалығын іздемеген, ойламаған болсаң, бұ жалғанның жүзінде атар таң, шығар күн, жарық сәуле көремін деп ойлама. Иттен ілгері, кісіден кейін қаласың.

Кітап құны: 2500тг
Кітапша - электронды форматта (pdf)

Кітапты алу үшін: 87776893030 нөмеріне жаз 📲

Құрметті менің достарым , .global ,  Сіздерге керемет мүмкіндік сыйлап жатыр.            КУРС - «ОСНОВЫ ПСИХОЛОГИЧЕСКОГО...
11/09/2022

Құрметті менің достарым , .global , Сіздерге керемет мүмкіндік сыйлап жатыр. КУРС - «ОСНОВЫ ПСИХОЛОГИЧЕСКОГО КОНСУЛЬТИРОВАНИЯ МУСУЛЬМАН»

🌿Курс предназначен для психологов, психотерапевтов, коучей, социальных работников,
а так же для тех, кто хочет ими стать или кому нужны навыки консультанта.

Курс практический, проходит в формате тренинга.
Во время курса вы уже начнёте профессионально консультировать🙌

⭐️На курсе много практики и супервизии!

Участники курса получат:

🕊Системный взгляд на клиента
🕊Умение работать практически с любой темой клиента
🕊Умение выстраивать глубокий и качественный контакт с клиентом
🕊Умение получать удовольствие от работы
🕊Открыть доступ к своим ресурсам и возможностям.

Основы психологического консультирования мусульман"

⭐️Это уникальный курс для всех тех, кто хочет помогать людям преодолевать их проблемы, не зависимо от того работает ли человек в сфере психологии или нет.

Помочь человеку, нуждающемуся в поддержке может каждый. Самое важное иметь искреннее желание помочь, а в остальном наш курс поможет вам улучшить ваши навыки 🌱

🙌Не упустите возможность стать одним из участников курса, ведь он проводится один раз в год.
И помните добро всегда возвращается добром.🌿

Старт в Алматы 1го октября
Онлайн дата открыта

Барында – бағала!Аузынан қан кеткенге дейін «Бәрі жақсы болады» деген жалғыз үмітпен өмір сүріп келген едік. Сондай ниет...
09/09/2022

Барында – бағала!

Аузынан қан кеткенге дейін «Бәрі жақсы болады» деген жалғыз үмітпен өмір сүріп келген едік. Сондай ниетпен отаға дайындап та жатқан. Аяқ асты жағдайы күрт нашарлап, қызым реанимация төсегіне ауысты. Бірақ бір күн өткен соң, қызымның жүрегі тоқтады... Дәрігерлер «Денесін ертең моргтан алып кетесіңдер» деді.

Таңғысын ауруханаға ерте барып, жолдасым екеуміз есік алдында сағаттың 8.00 болғанын күтіп тұрдық. Моргқа кіру үшін түрлі құжаттарды толтыру қажет болды. «Морг» деген атаудың өзі есіңнен тандырып, денеңді қалтырататындай сұп-суық емес пе? Сол суық қараңғы бөлмеге енді міне, мен де кіріп келем. Солай қарай «жүріп келем» деген аты ғана, әйтпесе аяқтарым ырқыма көнер емес. «Алға қарай бас» деген мидың белгісін орындауға қауқарсыз. Әйтеуір сүйретіліп қадам жасаған боламын. Мұны сезген жолдасым «Сен осында тұра бер! Өзім алып шығамын» деді. Сонда ғана есімді жиып, «Жо-жоқ! Өзім кіруім керек. Өзім көремін, өзім көтеремін» деп күбірлеген қалпы алға қарай адымдай түстім.

Қызымның денесі столдың үстінде тұрғанын көрдім. Жақындап қарауға аяғым батпайды. Бойымды біртүрлі сезімдер билеп алған, қандай сезім, оны өзім түсініп тұрғаным жоқ. Не болып жатқанын анық білмейтін де секілдімін. Әйтеуір сол жерде тұрмын. Бірақ, жыламадым. Бір суықтық жанымды да, тәнімді де қарып барады. Ал қызым көзін жұмып ұйықтап жатқандай. Тек жүрегі соқпайды... Денесі сұп-суық... Қолымдағы көрпемді морг қызметкеріне бердім. Ол қызымды сол көрпеге орап, жолдасыма ұстатты. Сөйтіп маған бұрылып:

– Мына журналға қол қойсаңыз – деді.
Журналды қолыма алып тұрып көзім шалғаны, анасын – ұлы, әйелін – күйеуі, ағасын – әпкесі алып кетті дегендей ұзын тізім. Соның соңын ала «Қызын – анасы алып кетті» деген жаңа жол түсті... Растап, қолымды қойдым...

Өлім – хақ. Дәл осы сәтімізде жанымыздағылардың амандығына шүкір етіп, барымызды бағалай білгенге не жетсін? Өлгеннен кейінгі өкініш талайлардың өзегін өртеп кеткен ғой. Сіз ше? Жаныңыздағы жақындарыңызға қалай көңіл бөліп жүрсіз? Ертеңгі күні өкініп қалмайсыз ба?

ШАРАСЫЗДЫҚ ХӘЛ Тым-тырыс ұзын дәліздің бойындағы есігі ашық палаталардан ыңыранған, ыңырсыған дауыстар ғана естіледі. Бұ...
07/09/2022

ШАРАСЫЗДЫҚ ХӘЛ
 
Тым-тырыс ұзын дәліздің бойындағы есігі ашық палаталардан ыңыранған, ыңырсыған дауыстар ғана естіледі. Бұл жерде ешкім бірімен-бірі артық сөйлесіп жатқан жоқ. Әркім өз өмірімен күресіп жатқандар. Өйткені бұл науқасты отаға дайындайтын бөлім.

Аурудың түрі көп. Көпшілігі бауыр церрозымен жатқандар. 30-дан асқан баласының жанында егде жастағы анасы отыр. Ұлының іші ісіп кеткен, ары-бері қозғалуы қиын. Соған қарамай, ана байқұс сыр білдірмейді, астын-үстін тазалайды, тамағын береді. Ауруы жанына батқан баласының дауысы қаттырақ шықса, шарасыз күйге түсіп, жанын қоярға жер таппайды. Ендігі бар үміт сол отада, жасалуын күн санап күтіп отыр...

Анасының жүзі өте жылы еді. Қарағанда іштегі қалың ой ыдырап сала беретін. Мен де қызыммен осы бөлімде жатқандықтан, ара-тұра кездесіп қалатынымыз бар. Сонда бәрі жақсы болатынын айтып, бір-бірімізді жұбататынбыз.

Ота жасалатын күн де жетті. Ұлын ота жасау залына алып кетті. Тілекші болып біз қалдық. Бірақ ота үстелінің үстінде пышақ тиген бойда қан тоқтамаған баласының жағдайы қиындап, ота жасауды тоқтатты. Жалаңаш, қан-қан қалпы, қансырап жатқан баласын қайтадан палатаға алып келгендегі ананың жай-күйін ешкімнің басына бермесін...

Ауруын ауырсынғандағы дауысқа шыдай алмай, тар палатаның ішінде теңселіп кететін адам көз алдындағы мынау көріністен жүрегі қарс айрылардай еді. Байқұс ана жанын қоярға жер таппай, басын қай керегеге соғарын білмей, әбден сасып, есеңгіреді де қалды. Адамның қолынан ештеңе келмейтін шарасыз халге, бейшара күйге түсті.

Дәрігерлер қайта ота жасаудан бас тартып, шетелдік дәрігерлерге жүгінуін ескертті...

Бір сұрақҚарап тұрсаңыз, бала көңіл әкемнің қара жұмысын – жұмыс көрмепті. Балалардың «балық сасисың» деген сөзі нәзік ж...
06/09/2022

Бір сұрақ

Қарап тұрсаңыз, бала көңіл әкемнің қара жұмысын – жұмыс көрмепті. Балалардың «балық сасисың» деген сөзі нәзік жанымды тіліп кеткені ғой, таза киіммен, қолында папкасы бар, сол қалпымен жұмысқа кетіп, кешкісін қайта оралатын әкені көргім келгені...

Бірақ, адал маңдай терімен, еңбекқорлығымен, ешқандай қиындығынан арланбай табыс тауып, қалағанымды алып беріп, отбасын асырап отырған әкенің жайын ол кезде қайдан түсінейін? Босай қалған кішкентай уақытын менің жанымда өткізетінін де жете түсініп жатты ғой дейсіз бе? Өйткені, әлгі жараланып қалған нәзік жанымның жарасы удай ашып тұрғанда, баланың басқаны ойлайтындай жайы болушы ма еді?..

Қазір адамның бүгінгі күнін, жолының болмай жүргенін, мейлі, кез келген мәселесін психология әке-шешесімен байланыстырып қарайды. Егер менің жанымның жарасына әкемнің лас жұмысы сеп болса, әкем балық аулап, табыс тапқаны үшін кінәлі саналады ма? Жо-жоқ! Бұл бала көңілдің ойы, шешімі, тұжырымы еді. Сондықтан, кей тұстарда баланың дұрыс емес, өзі «ойлап тапқан» шешімі болашақта оның қандай да бір мәселесінің туындауына негіз болып жатса, онда оның басында «ата-анасымен қатынасы дұрыс емес» деген психологиялық тұжырым дәйексіздігін көрсетеді.

Осы өмірге сізді алып келіп, түн ұйқысын төрт бөлген анаңыз бен сізді асырап, адам қатарына қосуға бар күшін салған әкеңізге өкпе-ренішіңізді қай кезде жаныңызға жапсырып алдыңыз? Осы жазбадан кейін ойланып, бүгінгі шиеленіскен мәселелеріңіздің түп-төркінін ата-анадан көруден бас тарттыңыз ба? Әлде бұл сұрақ жауапсыз қалды ма?..

Жараланған бала жанының қателігі⠀2000 жылдары Талдықорған қаласынан Үштөбеге көшіп келдік. Жұмыстың жақсысын таңдап отыр...
04/09/2022

Жараланған бала жанының қателігі

2000 жылдары Талдықорған қаласынан Үштөбеге көшіп келдік. Жұмыстың жақсысын таңдап отыратын уақыт емес-тін. Сондықтан әкем өзінің ыңғайына қарай әрекет етті. Ә дегеннен балық сатуды құп көрді. Ол үшін таңғысын сағат 4-5-тің кезінде базарға барады. Мейлі күннің ыстығы болсын, қыстың сықырлаған аязы болсын, қарап жатқан жоқ. Қыстың күні шанасын сүйретіп, таң қылаң бере базарға кетіп бара жататын. Сол жақтан 300-200 шақты балықты қаптап, шанасына басып, үйге сүйреп алып келеді. Өйткені, көлігі жоқ еді. Ал базар мен үйдің арасы алыс-тын.

Үйге келген бойда қызу жұмыс басталатын. Тоңдырып тастаған тастай балықтардың ішін жарып, тазалайды. Сосын мұздай суық суға салып жуып, үш күн тұзда ұстайды. Сосын тағы суық суға салып жуатыны бар. Сондағы қолыңнан өткен тастай судың суығы миыңды тесіп бір-ақ шығардай. Жуылған балықтарды есік алдына іліп, кептіреді. Одан кейін отқа ыстап, пісіріп, қайтадан базарға алып кететін. Сөйтіп, күннің ыстығына да, қақаған суығына да, таңның атысы мен кештің батысына да қарамай базарда тұрып, сол кептірілген балықтарын сатып келетін.

Балаларыңыз үшін мына  дұғаны жасаңыз.⠀Я, Раббым!!! Қызымды, ұлымды маған өзің аманат еткендей, оларды өзің қорға, қамқо...
25/08/2022

Балаларыңыз үшін мына дұғаны жасаңыз.

Я, Раббым!!! Қызымды, ұлымды маған өзің аманат еткендей, оларды өзің қорға, қамқорыңа ал!

Раббым, мені балаларыммен сынама!!!

Я, Раббым!!! Оларды ашық немесе жасырын жасалған әртүрлі күнәлардан қорға, алыстат.

Я, Раббым!!! Оларды Кітабына қызмет ететін дінін шын жүректерімен сүйетін, ғибадаттарына барынша мұқият қарайтын, көркем мінезбен безендірілген Салих құлдарыңнан қыл. Дүниедегі ең бақытты және молшылық, кеңдік ішінде өмір сүрген адамдардың қатарында болуларын нәсіп ет.

Я, Раббым!!! Оларды харам нәрселерден қорға және өзіңнен басқаға мұқтаж етпе.

Я, Раббым! Кітабыңды қорығаныңдай оларды да шайтанның арбауынан қоры.

Я, Раббым!!! Оларды ең қайырлы келбеттермен, ең таза мінез құлықпен, саған деген сеніммен рызықтандыр.

Я, Раббым!!! Оларды түрлі аурулардан қорға. Олармен бірге бақытты өмір сүруімізді нәсіп ет.

Я, Раббым!!! Өмірде олардың жақсылықтарымен мені бақытқа бөле және өлімімнен кейін де олардың дұғаларымен мені жарылқа.

Я, Раббым!! Жүрегімнің бірер паршасы болған балаларымды саған аманат еттім. Әр нәрсе Саған аян. Ұлы да Асқақ мәртебеңе лайық түрде оларды қорға.

Я, Раббым! Балаларымызды әртүрлі жамандықтардан, қауіптерден, арам пиғылдардан алыстат. Оларға Ислами сана нәсіп ет. Өзіңе құл, Пайғамбарына (ﷺ) үммет ет.

Я, Раббым! Ақылдарын әртүрлі бос нәрселерден тазала. Aқыл мен парасат иесі болуларын нәсіп ет.

Я, Раббым! Нәпсі азғындығына жол берме, оларға дұрыс жол көрсет.

Я, Раббым! Оларға мейіріміңді төк. Оларға ұзақ, бақытты өмір бер.

Өмірлерінің соңына дейін тура жолыңнан тайдырма және ризашылығыңа бөле!

Я, Раббым! Оларға ата - аналарына, барлық Мұхаммед❤️ (ﷺ) үмметіне жақсылық жасайтындай, қайырлы болатындай көркем мінездер нәсіп ет!

Я, Раббым!!! Бауырлар арасындағы бауырмалдықтарын, махаббаттарын, тазалықтарын арттыр. Бір- біріне жақындастыр. Соңғы демдеріне дейін иман мен Құран жолымен жүруді бұйырт.

Я, Раббым!! Біле тұра айта алмаған, түсіне тұрып жеткізе алмаған адами қасиеттердің ең кемелін бүкіл мұсылман бауырларымның балаларына және өзімнің балаларыма да нәсіп ет.

Я, Раббым, саналарын қайырлы болатын нәрселермен рызықтандыр.

25/08/2022
Үмітің үзілмесін…⠀Аяғымның ауыр екенін ауруханада жатқанда білдім.Ыстығым түспей, ішкі-құрылысымның бәрі ауырып, төсекте...
16/08/2022

Үмітің үзілмесін…

Аяғымның ауыр екенін ауруханада жатқанда білдім.
Ыстығым түспей, ішкі-құрылысымның бәрі ауырып, төсекте жата алмай, қатты қиналып барғанмын. Ауруымның нақты себебін түсіне алмаған дәрігерлер антибиотикті еге берді, еге берді. Жасалып жатқан ем-домнан мазам одан әрі қашпаса, бетім бері қарай қоймады. Дәрігерлер әйтеуір менің жанымды алып қалудың жолында жүгіріп жүр.

Бойыма біткен сәбиді «7-8 апталық» деп берген. Сөйтіп, УЗИ-ге түсіргенде «баланың жүрегі соқпайды» деді. Мен «әлі кішкентай болғаннан соң шығар» деп, сенгім келмеді. Бірақ апта сайын, осылайша тағы 6 рет УЗИ-ге түскендегі естігенім сол сөз болды.

Амал жоқ, баланы алдыруға отаға дайындап жатқан. Қағаздарын толтырып, келісімімді беріп, ертеңгі күнді күттім. Ертеңіне түстен кейінгі уақыт белгіленген. Отаға дайындалып, тіркеу бөлімінде отырғанмын. Аяқ астынан көңілім көтеріліп, жүрегім қағып кетті. Төменнен жоғары қарай ыстық қан тамырларымды қуалап жүгіріп өткендей. Өзім де бір серпіліп, отырған жерімде бойымды тіктеп, түсініксіз керемет сезімге ендім. Менің бойымдағы өзгерісті байқаған болу керек, дәрігер де:

– Не болды? – деп қулана жымиып қасын керді.
– Мүмкін, 7-ші рет УЗИ-ге түсіп көрермін?..
– Қазір түс болды. УЗИ-дің жабылатын уақыты ғой?
– Хабарласып көрейікші?
Жабылатын уақыты болғанына қарамай, бақытыма УЗИ ашық екен. «Жарайды, келіңдер!» депті. Алып-ұшып біз жеттік.
Дәл осы сәтте жақсы жаңалықты естідім: «Баланың жүрегі соғып тұр!»

Дәрігерлердің консилиум өткізіп, «Сонша антибиотик қабылдап, ультрасәуледен өтті. Қайта-қайта УЗИ-ге түскен анадан туған бала – бала болмайды» дегеніне қарағаным жоқ, отадан бас тарттым.

Бойымдағы сол кішкентай жүректің соғысын сонша күтіп, енді оның үзілуіне қалай жол бермекпін? Жо-жоооқ! Қандай бала болса да дүниеге әкелемін...

Address

Казахстан
Shymkent

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when baizhanovaassem posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Category