Центр права и медиации "Дана"

Центр права и медиации "Дана" Центр предоставляет услуги медиации и юридические. Та

ӨЛМЕГЕН ЖІГЕРДІҢ ОТЫМЕН КЕЛГЕН ҰЛЫ КҮНТәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңб...
18/12/2023

ӨЛМЕГЕН ЖІГЕРДІҢ ОТЫМЕН КЕЛГЕН ҰЛЫ КҮН

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 32 жыл. Отыз екі жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды отыз екі жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.

Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес. #тәуелсіздік

Қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайту мемлекет пен азаматтық қоғамның үйлесімді қызмет етуінің ажырамас факторы болып та...
15/11/2023

Қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайту мемлекет пен азаматтық қоғамның үйлесімді қызмет етуінің ажырамас факторы болып табылады. Әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттері нақты белгіленіп, қай уақытта да сақталуы тиіс. Бұл азаматтық құқықтар мен бостандықтарға да, заңды бұзғаны үшін жауапкершілікке де қатысты. Басқалардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу этика мен адамгершілік негіздерінің бірі және ол құқықтық мәдениетіміздің құрамдас бөлігіне айналуы тиіс деп есептеймін.

Укрепление правовой культуры в обществе является неотъемлемым фактором гармоничного функционирования государства и гражданского общества. Права и обязанности каждого гражданина должны быть четко определены и соблюдены во все времена. Это касается как гражданских прав и свобод, так и ответственности за нарушение законодательства. Я верю, что уважение к правам и свободам других людей является одной из основ этики и морали, и оно должно стать неотъемлемой частью нашей правовой культуры.

Кроме того, нравственная культура играет важную роль в формировании гражданского общества и нашего национального идентитета. Нравственные ценности – это основа для построения любого общества, которое стремится к справедливости, развитию и процветанию. Наше население должно быть осведомлено о ценностях, которые лежат в основе нашей культуры и традиций, и действовать в соответствии с ними.

Правовая и нравственная культура – это результат совместных усилий государства, общества и каждого гражданина нашей страны. Она пронизывает все сферы нашей жизни – семью, образование, работу, отношения между людьми и соседями. Мы должны стремиться к повышению качества образования, популяризации чтения и письма, к развитию доброжелательности, терпимости и уважения друг к другу.
Будущее нашей страны зависит от нас самих. Давайте станем единой командой, нацеленной на построение сильного и процветающего государства.

 #арест  #график  #сот  #решение  #банк  #мфо  #займ  #займы
10/11/2023

#арест #график #сот #решение #банк #мфо #займ #займы

 #медиация  #медиатор        #глів4
13/09/2023

#медиация #медиатор
#глів4

Маған келіп түсетін өтініштердің көбі осы мемлекеттік грандтар, тегін субсидиялар бойынша болғандықтан арнайы кәсіпкерле...
28/04/2023

Маған келіп түсетін өтініштердің көбі осы мемлекеттік грандтар, тегін субсидиялар бойынша болғандықтан арнайы кәсіпкерлер үшін, алаяқтарға алданбай, қаржылық және құқықтық сауатын арттыру арқылы табыстарын көбейтудің жолдарының картасын жасағым келді. Бұл ой осындай бизнес конференция болды.
Бизнес конференциядан не аласыздар: ең алдымен үйрету емес, тәжірибемен бөлісіп, миф емес шынайы жоба бойынша әрекет ету жолдары айтылатын конференция.
Бұл үшін талай кәсіпкерлердің менторы, миллиондар емес миллиардтарды алуға көмектескен тәжірибелі мамандарды шақыра отырып жасалды.
Конференцияның спикерлері mirkenov және Мен.
Құны 1 500 000 теңгенің білімін аласыздар. Ал кконференцияға тіркелу бағасы сіздің бір түскі асыңыздың бағасы. Сондықтан, білімді мыңды жығады, білімсіз бірді жығады деп бекер айтылмаған.
Айтқандай, конференцияда дайын бизнес шаблондар мен жол картасын алатын боласыздар.
Тез тіркеліп үлгеріңіздер, орындар саны шектеулі.
Тіркелу үшін +77787838433
#бизнес #курс #конференция #семинар #шымкент #түркістан #медиация #медиаторданаақәділқызымен

Неге кепіл шартын тіркеу қызметін 5-ақ минутта алу мүмкіндігін қолданбай жүрсіздер?Блокчейн технологиясы: қазақстандықта...
22/04/2023

Неге кепіл шартын тіркеу қызметін
5-ақ минутта алу мүмкіндігін қолданбай жүрсіздер?

Блокчейн технологиясы: қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндік

Жаңа технологияны енгізудің арқасында азаматтар тұрғын үйді онлайн сатып алу, кепілдікті тоқтату немесе кепілді қайта тіркеу мүмкіндігіне ие болды.

Жобаға «Отбасы Банкі» АҚ, «Халық банкі» АҚ және «Фридом Финанс Қазақстан» АҚ қосылды.

Бұл механизмнің артықшылықтары қандай?

Біріншіден, уақыт үнемделеді.
Себебі, Мемлекеттік корпорация жылжымайтын мүлікті кепіл ретінде тіркеу, қайта кепілге алу, кепілді қайтарып алу, сатып алу - сату шарттарын тіркеу процестерін цифрландырған.
Мысалы, ипотека бойынша пәтер немесе тұрғын үй алудың толық офлайн циклі 28 күнге созылатын болса, онлайн режимінде 8 сағаттан аспайды. Яғни, кепілді тіркеу, қайта кепіл, кепілді қайтарып алу, сатып алу-сату шарттарын тіркеу түрлері бойынша тіркеу уақытын 3 күннен 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
☝️ АЛ ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ 5 МИНУТТА ТІРКЕЛЕДІ ✅

Екіншіден, ресурстар үнемделеді.
Бастапқы тұрғын үйді сату процесіне блокчейнді енгізу халыққа қызмет көрсету орталықтарына түсетін жүктемені 5 есе азайтты✅

Үшіншіден, шығындар азаяды ☝️.
Тіркеу нотариуссыз өтеді, мәміле құны 10 есеге – 40 мыңнан 4 мың теңгеге дейін төмендейді 👍✅.

Сонымен қатар, құжаттар топтамасы төрттен бір құжатқа азайды ☝️
Сондай-ақ, кепіл берушінің сенімхатын нотариалды куәландырудың қажеті жоқ☝️✅.

Сондықтан, қағазбастылықты азайтып, шығындарыңызды төмендетемін десеңіздер, жылжымайтын мүлікті кепілдікке қою, кепілдікті тоқтату немесе кепілді қайта мемлекеттік тіркеу қызметтерін алу үшін блокчейн технологиясын пайдалануға шақырамын.

Бұл қызметтерді қауіпсіз, тиімді, ашық, жылдам алуға мүмкіндік береді.
#ипотека #тұрғынүй #баспана #медиатор #медиация #медиаторданаақәділқызымен #блокчейн #цифровизация #блог

Неге кепіл шартын тіркеу қызметін 5-ақ минутта алу мүмкіндігін қолданбай жүрсіздер?Блокчейн технологиясы: қазақстандықта...
22/04/2023

Неге кепіл шартын тіркеу қызметін
5-ақ минутта алу мүмкіндігін қолданбай жүрсіздер?

Блокчейн технологиясы: қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндік

Жаңа технологияны енгізудің арқасында азаматтар тұрғын үйді онлайн сатып алу, кепілдікті тоқтату немесе кепілді қайта тіркеу мүмкіндігіне ие болды.

Жобаға «Отбасы Банкі» АҚ, «Халық банкі» АҚ және «Фридом Финанс Қазақстан» АҚ қосылды.

Бұл механизмнің артықшылықтары қандай?

Біріншіден, уақыт үнемделеді.
Себебі, Мемлекеттік корпорация жылжымайтын мүлікті кепіл ретінде тіркеу, қайта кепілге алу, кепілді қайтарып алу, сатып алу - сату шарттарын тіркеу процестерін цифрландырған.
Мысалы, ипотека бойынша пәтер немесе тұрғын үй алудың толық офлайн циклі 28 күнге созылатын болса, онлайн режимінде 8 сағаттан аспайды. Яғни, кепілді тіркеу, қайта кепіл, кепілді қайтарып алу, сатып алу-сату шарттарын тіркеу түрлері бойынша тіркеу уақытын 3 күннен 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
☝️ АЛ ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ 5 МИНУТТА ТІРКЕЛЕДІ ✅

Екіншіден, ресурстар үнемделеді.
Бастапқы тұрғын үйді сату процесіне блокчейнді енгізу халыққа қызмет көрсету орталықтарына түсетін жүктемені 5 есе азайтты✅

Үшіншіден, шығындар азаяды ☝️.
Тіркеу нотариуссыз өтеді, мәміле құны 10 есеге – 40 мыңнан 4 мың теңгеге дейін төмендейді 👍✅.

Сонымен қатар, құжаттар топтамасы төрттен бір құжатқа азайды ☝️
Сондай-ақ, кепіл берушінің сенімхатын нотариалды куәландырудың қажеті жоқ☝️✅.

Сондықтан, қағазбастылықты азайтып, шығындарыңызды төмендетемін десеңіздер, жылжымайтын мүлікті кепілдікке қою, кепілдікті тоқтату немесе кепілді қайта мемлекеттік тіркеу қызметтерін алу үшін блокчейн технологиясын пайдалануға шақырамын.

Бұл қызметтерді қауіпсіз, тиімді, ашық, жылдам алуға мүмкіндік береді.

Бірден 12-жылдан астам уақыт жасаған еңбегімді (мемлекеттік органдармен жасаған меморандумдар, семинарлар мен халықаралы...
29/03/2023

Бірден 12-жылдан астам уақыт жасаған еңбегімді (мемлекеттік органдармен жасаған меморандумдар, семинарлар мен халықаралық конференциялар, медиация кабинеттерінің ашылуы, яғни медиация саласымен бірге тәй-тәйлатып келе жатқан еңбектер, алғыс хаттар мен наградалар) өшіру оңай емес. ☝️Бұл шешімге 1-ақ күнде келдім. Себебі, барлық ризық несібені, нығметті, абыройды, берекені беруші Алла. Ал, орамал Алланың бұйрығы❗️ Басшының бұйрығын орындамасаңыз жұмыстан босайсыз, ал мейірімі шексіз Алла қаншама нығметті үйіп-төгіп қойды бізге. Орамал тағу деген ең оңайы, әсіресе, айтқым келетіні бұл тек мұсылман қауымы ғана емес, ертеректен христиандар, еврейлерде де әйелдерінің басына орамал, жабық киіндірген, оның себебі, жалаңбас жүру тыржалаңаш жүргенмен тең санап, жеңіл жүрісті әйелдер ғана солай киінгендігін көруге болады. Қазіргі қоғамда ашық киінгеннен бұрын жабық киінсе таңқалатын заман болды. Орамалға келмес бұрын да, келгеннен кейін де орамалымды шешуге үгіттегендер көп болды. Түрлі уәждер айтылды.
Араласпай, алыстап кеткендері қаншама. Бұл ең алдымен өзіме деген үлкен құрмет деп есептеймін! Өзін сыйлай алмаған адам өзгені де сыйлап қарық қылмайды. Өйткені сыйластық деген сөздің мағынасын өзі ұғынуы керек. Бұл менің таңдауым, мен үшін арым мен намысым маңызды❗️ бұл менің кәсібіме ешқандай кедергі емес, иә, сонша еңбекті әлеуметтік желіден жалаңбас болғаным үшін өшіріп тастадым!
Алайда, өшірілмейтін нәрсе бар☝️ ол менің жүрегімдегі иманым, басымдағы білімім мен тәжірибем!
Бұл тәжірибе бұнымен аяқталмайды, ендігі кезең жаңа образда, жаңа жетістіктер, жаңа жобалар күтуде…
Менімен бірге болғандарыңызға алғыс айтамын! ❤️
#дана #медиатор #медиаторданаақәділқызымен #медиация #орамал #иман #құран #ораза #ой #сауалғажауап #жаңаөмір #жоба #курс #тренер

Address

Аргинбекова 2
Shymkent
160024

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00
Saturday 09:00 - 18:00

Telephone

8702743323

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Центр права и медиации "Дана" posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Центр права и медиации "Дана":

Share