Түркістан жарық-тазалық ЖШС

Түркістан жарық-тазалық ЖШС Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Түркістан жарық-тазалық ЖШС, In-Home Service, С. Ерубаев 235, Türkistan.

25/05/2026

Құрметті Сәкен Мырзанұлы!

Сіздің көтерген мәселеңіз назарға алынып, тиісті жұмыстар ұйымдастырылды. Қазіргі таңда аталған аумақта орын алған стихиялық қоқыс үйіндісін жою мақсатында шұғыл шаралар қабылданып, «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС тарапынан арнайы техникалар жұмылдырылып, тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Қала аумағындағы санитарлық тазалық пен экологиялық жағдайды сақтау – әкімдіктің тұрақты бақылауындағы маңызды мәселелердің бірі. Осыған байланысты заңсыз қоқыс тастау деректерінің алдын алу, аумақты тұрақты бақылауға алу және тиісті тәртіпті қамтамасыз ету бағытында құзырлы мекемелермен бірлескен жұмыстар жалғасатын болады.

Қала тазалығына бейжай қарамай, аталған мәселені көтеріп, азаматтық белсенділік танытқаныңыз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз. Бірлесе атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласының тазалығы мен көркеюіне өз үлесімізді қоса береміз деп сенеміз.Сакен Хандиллаев

21/11/2025

Қазіргі таңда орын алған жағдайды жою мақсатында аталған аумақты тазалау жұмыстары жүргізілуде

Қазіргі таңда орын алған жағдайды жою мақсатында аталған аумақты тазалау жұмыстары жүргізілуде
21/11/2025

Қазіргі таңда орын алған жағдайды жою мақсатында аталған аумақты тазалау жұмыстары жүргізілуде

02/09/2025

Қаламқас Ботабекова

РЕСМИ ЖАУАП
2025 жылғы 2 қыркүйекте Facebook жүйесінде таралған видеоға байланысты
2025 жылдың 2 қыркүйегінде әлеуметтік желіде (Facebook) Қаламқас Ботабекова жариялаған бейнематериалда Түркістан қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының өртеніп жатқаны көрсетілген.
Түркістан қаласы бойынша әртүрлі аудандардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтарды полигонға жеткізу барысында, қалдықтардың арасында ауа райының қолайсыздығынан (құрғақ, ыстық ауа райы, жел) тұтану орын алған. Алайда полигон қызметкерлері жағдайды жедел бақылауға алып, өртті дер кезінде сөндірді.
Қазіргі уақытта полигон аумағында ешқандай өрт жоқ. Бұл мәліметті растайтын бейнежазба дәлел ретінде қоса жолданады.

«Түркістан жарық-тазалық» ЖШС-де  2025 жылы 04 тамыз күні  сағат 10:00 де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ж...
06/08/2025

«Түркістан жарық-тазалық» ЖШС-де 2025 жылы 04 тамыз күні сағат 10:00 де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысын жария талқылау жиыны өткізілді. Жиналысқа «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС-нің қызметкерлері түгел қатысты. Мәжіліс барысында тиісті талдамалық анықтама дайындай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың алдын ала қорытындыларын талқыланады.

31/07/2025

ҚҰРМЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ!
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, “Түркістан жарық-тазалық” ЖШС-де ағымдағы жылдың 02 шілде – 13 тамыз аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2025 жылдың 4 тамыз күні 10:00-де “Түркістан жарық-тазалық” ЖШС мекемесінде өтетін ішкі талдау анықтамасының алдын ала нұсқасын талқылау жиынына шақырамыз.
Байланыс: 8-707-504-07-40
Эл.почта: [email protected]

25/06/2025

Құрметті желі қолданушылары!

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Дауылбаевтың бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, «Түркістан жарық-тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағымдағы жылдың 2 шілдеден бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!
Ішкі талдау жұмыстары 2 шілде – 13 тамыз аралығында жүргізіледі.
Егер де, Сізде қандай да бір сала қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекенжайларға жолдауыңызды сұраймыз. Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша төменде көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласа аласыз.

Байланыс:+7-775-700-00-96
Эл.почта: [email protected]

Түркістан жарық тазалық мекемесі үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап басқа ғимаратқа қоныс аударған. Дегенмен, аталға...
15/09/2024

Түркістан жарық тазалық мекемесі үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап басқа ғимаратқа қоныс аударған. Дегенмен, аталған ақпаратта көрсетілген аймақтың қазіргі таңда қоқыстан тазаланғанын хабарлаймыз. Қоқысты аумақтарды анықтауда қала жанашыры ретіндегі көмегіңізге алғысымызды білдіреміз. Рахмет! Айдана Баймешова

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері  Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі не...
28/08/2024

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері


Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен қатар өткір тұр. Сыбайлас жемқорлық-бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді және еліміздің имиджін төмендетеді.
Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлық кез-келген қоғамда, кез-келген мемлекетте орын алады. Оның мүлдем жоқтығын айта алатын елдер жоқ.
Әлемнің барлық мемлекеттері сыбайлас жемқорлыққа тап болады. Сонымен қатар, қазіргі жағдайда сыбайлас жемқорлық біртіндеп мемлекетішілік проблемадан жаһандық проблемаға айналуда. Қазір барлық елдер, соның ішінде ең озық елдер, жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өз үлгілерін қайта қарауда, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы жаңа заңдар мен нормаларды қабылдауда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жыл сайын Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жарияланады. 2023 жылғы 01 қыркүйекте Президент өзінің "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға барлық бағыттар бойынша жаңа серпін беру қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрекетсіздік азаматтардың наразылық сезімдері мен құқықтық нигилизмнің өсуіне әкеледі.
Біздің мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпымемлекеттік мәртебе берілгендіктен, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу және шектеу бойынша қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп үлкен жұмыс жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі-моральдық тарап үлкен рөл атқаратын заңды сақтау. Өйткені, тәкаппар адам заңдарды бұзбайды. Жалпы айтқандай, егер сіз әлемді өзгерткіңіз келсе, өзіңізді өзгертіңіз. Бұдан шығатыны, егер әрбір азамат әрқашан өзінен бастаса, мысалы, өз міндеттерін адал және әділ орындаса, онда сыбайлас жемқорлық азаяды.
Осылайша, сыбайлас жемқорлықты жою үшін бүкіл қоғам күресуге тиіс. Сонда ғана біздің еліміз сыбайлас жемқорлық жоқ әлемдегі мемлекеттердің біріне айналады.

Түркістан жарық тазалық ЖШС-нің
заңгері Н.Джумамуратов

Address

С. Ерубаев 235
Türkistan
161200

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Түркістан жарық-тазалық ЖШС posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share