Онлайн бизнес

Онлайн бизнес Меня зовут Айымгул. Мне 57 лет. Я продвигаю продукцию оздоровления.

20/01/2024

Денсаулық күні

13/01/2024

Мэрин хэлс компаниясының өнімдері🔥🔥🔥

13/01/2024

СТАРТ ГОДА 2024 MARINE HEALTH ♥️♥️♥️

26/05/2022
"Я дословно перевожу сообщение, полученное от друзей в Италии и Лиссабоне.Это минимальное обязательство, и я думаю, вы м...
14/03/2022

"Я дословно перевожу сообщение, полученное от друзей в Италии и Лиссабоне.
Это минимальное обязательство, и я думаю, вы можете присоединиться.

"Дорогие братья, сестры, друзья........
Никогда раньше в повседневной жизни не было так много незащищенности, мир так сильно страдал от угнетения столь многих правительств, от такого количества порока, преступности, коррупции, насилия, жестокого обращения и страха за будущее нашей молодежи.
У меня есть для вас сенсационная и необычная идея:
Во время Второй мировой войны советник премьер-министра Уинстона Черчилля организовал группу людей, которые каждую ночь в определенное время останавливались для совместной молитвы за мир, безопасность и людей (в Англии).
Они делали это каждый день, и казалось, что город остановился, такова была сила молитвы.
Результат был настолько ошеломляющим, что через короткое время бомбардировки прекратились!
Теперь мы снова собираем группу людей разных национальностей, чтобы провести минутную молитву о покаяние народов, о безопасности наших стран, о прекращении проблем, которые угнетают и угнетают нас, и о том, чтобы Бог руководил решениями наших правителей.

Мы встретимся в следующее время:
*Киргизстан, 13:00
*Казахстан, 13:00*
*Россия, 14:00*
*Белоруссия, 14:00*
*Украина, 15:00*
*Молдавия, 15:00*
*Румыния, 15:00*
*Польша, 15:00*
*Чехия, 15:00*
*Венгрия, 15:00*
*Италия, 16:00*
*Испания, 16:00*
*Франция, 16:00*
*Швейцария, 16:00*
*Австрия, 16:00*
*Германия, 16:00*
*Португалия, 15:00*
*Ильяс Канариас, 15:00*
*Коста-Рика 20 часов*.
*Колумбия, 19:00*.
*Никарагуа 20 часов*
*Эквадор 19:00*.
*Гватемала 20 часов*
*Мексика 20 часов*
*Панама19:00*.
*Гондурас 18 часов*
*Сальвадор 20 часов*
*Венесуэла, 18:00*.
*Уругвай, 17:00*.
*Парагвай, 17:00*.
*Бразилия 18:00*.
*Аргентина, 17:00*.
*Чили, 17:00*
*Канада, 21:00*
*США, 21:00*
*Австралия, 22:00*
*Новая Зеландия, 22:00*


Прошу вас присоединиться к этой инициативе. Каждый день в указанное время мы будем останавливаться на минуту, чтобы помолиться о мире во всем мире, о прекращении конфликтов, о восстановлении мира для всех народов земли и о том, чтобы семьи искали безопасность и спасение в Боге.
➡️продолжение в карусели

Көктемнің осы бір шуақты күндері барлық жақсы әңгімелер, жақсы дұғалар тек әйел-аналарға ғана арналып жатады ғой.Солай қ...
06/03/2022

Көктемнің осы бір шуақты күндері барлық жақсы әңгімелер, жақсы дұғалар тек әйел-аналарға ғана арналып жатады ғой.
Солай қалыптасқан да.

Мен бүгін сол әдетті бұзып, осы постымды Алладан кейінгі арқа сүйерім, тірегім, сенімді серігім, Алла өзі қосқан қосағым Жәкеме және сол кісі арқылы барша Ер азаматтарға арнағым келеді!

Оларсыз біздің әлеміміз қызықсыз, сұрықсыз, жігерсіз болар еді!

Кұрметті менің Жәкеме және барлық Ер азаматтарға айтар алғысым шексіз!

Сіздерге:

- ең аллымен бізді Алланың бізге берген аманаты деп қабылдағандарыңыз үшін;
-қасымызда болғандарыңыз үшін;
-біздің оңды-солды көрсетіп жататын еркеліктерімізді көтере білгендеріңіз үшін;
-бізге әр дайым қорған бола білгендеріңіз үшін;
-біз үшін өмірдің бар қиындығын көтере білгендеріңіз үшін;
-бізді шын жүректен аялағандарыңыз үшін;
- есік ашып, жол беретіндеріңіз үшін;
-қалжыңымыз жарасып, бір шәугім шайды жарқылдап отырып ішетіндеріңіз үшін;
-ауыр сөмкені де көтертпегендеріңіз үшін;
- көңіл-күйімізді айтқызбай-ақ қабағымыздан танығандарыңыз үшін;
-сәл ауыра қалсақ алаңдап, әр дайым қасымыздан табылғадарыңыз үшін;
-таңертең абайсызда ұйықтап қалсақ, жарайды ұйқысын қандырып алсыншы деп үнсіз күтіп отырғандарыңыз үшін;
-ас-суымыз бен киімімізге ешқашан сараңдық танытпағандарыңыз үшін;
-ұнамаса да үнсіз дүкенге бірге барғандарыңыз үшін;
-Пайғамбарда(с.а.у) үй шаруасына қолғабыс жасаған деп ылғи да қасымызда болғандарыңыз үшін;
-ешқашан бөтен үйде қонып қалмағандарыңыз үшін;
-отбасы, бала-шағаның үлгілі қамқоршысы болғандарыңыз үшін;
-мейірімді де қамқор Әке, Ата болғандарыңыз үшін;
-өмірдің ыстық-суығында бірге болғандарыңыз үшін;
-біз үшін ескірмеген махаббаттарыңыз үшін... деп алғыс айтамын! ❤

Бізге жасаған барлық жақсылықтарыңыз үшін, қамқорлықтарыңыз үшін, мейірімдеріңіз үшін, махаббаттарыңыз үшін
Сізге Алланың шексіз разылығы болсын!
🤲😘

Қасиетті Жұма мүбарак болсын! Алла разылығы үшін оқыған құранымыз, жасап жатқан дұғаларымыз қабыл болсын! 🤲❤Мен үнемі тө...
25/02/2022

Қасиетті Жұма мүбарак болсын!
Алла разылығы үшін оқыған құранымыз, жасап жатқан дұғаларымыз қабыл болсын! 🤲❤

Мен үнемі төмендегідей ойда жүруші едім:

"Біз қандай жақсы кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Адамзат бөлісетін жерлерін бөлісіп, өз- өз шекараларын бекітіп алған.
Баяғыдай жер үшін қырғын соғыс жоқ.
Аллаға шүкір тыныштық.
Тек әр қайсымыз дұрыс өмір сүре білсек болғаны.
Өркениет бар, көзіміз ашық, көкірегіміз ояу! Біз бақытты жандармыз, адамзаттың алтын ғасырында өмір сүріп жатқан!"

Әттең...

Ал, бүгін ше?
Әлем не болып кетті?...

Мен әлеміме 🌍тек тыныштық қалаймын!
Ия, Раббым! Бүгінгі қасиетті Жұмадағы дұғамызды қабыл ет! 🤲 Тыныштығы бұзылған Украйн халқына тыныштығыңды бере гөр! 🤲
Осындай топалаңды бастап отырған жандарға сана бер! 🤲
Екі жақ та аман болсыншы! 🤲❤
Әмин!🤲

#адамзат #өркениет #украйна #россия #мирвовсеммире #нетвойне

24/02/2022

Бүгін көрген ең сүйкімді көрініс! 🥰

ӘКЕМ АЙТҚАН ӨМІРЛІК 40 ҚАҒИДА.📌Мейірімді болыңдар! Құдай мейірімді адамдарды сүйеді.📌Кісіге қылдай қиянат жасама!📌Ешкімг...
16/02/2022

ӘКЕМ АЙТҚАН ӨМІРЛІК 40 ҚАҒИДА.

📌Мейірімді болыңдар! Құдай мейірімді адамдарды сүйеді.
📌Кісіге қылдай қиянат жасама!
📌Ешкімге, ешқашан зияныңды тигізбе!
📌Қайырлы ас ішкің келсе, бір жапырақ наныңды маңдай теріңмен тап!
📌аузынан жоқ дейтін адамнан ақша сұрама. Ол ақшасын барын қадірін білмей жүр ғой.
📌Ешнәрсені ысырап етпеңдер.
📌Ағайынмен қарым-қатынасыңды үзбе.
📌Қолыңдағы барыңды жұртпен бөлісіп жүр. Құдай сені аш қалдырмайды.
📌Еңбектің көзін тауып әрекет ете біл!
📌Артық дүние жинама. Бәрінің сұрауы болады.
📌 Жесір мен жетімді ая, ақысын жеме, оларға қайырымдылық жаса.
📌Салған үйің де, алған дүниең де саған қызмет етсін. Дүние жинап, бетіне қарап отырма.
📌Үйіңе қандай қонақ келсе де, жақсы күтіп, шығарып сал. Қонақты ренжітпе. Қай қонақта құт барын Құдай ғана біледі!
📌Садақа бер. Бәле-жаланың бетін қайтаратын да, қателігіңді жуып шаятын да сол садақа.
📌 Қанағаттан артық байлық болмайды. Қанағатшыл бол.
📌Құдайдың құдіретінде шек жоқ. Құдайдың рахымынан құр қалсаң, жаныңа тыныштық таба алмайсың.
📌Сабыр - адамның ұлы қорғаны. Ашуың келсе қорғаныңа арқа сүйе!
📌 Ойланып сөйле. Маңызы, түйнегі жоқ сөз кісіні мезі етеді.
📌Қарыз аманат. Қарыз алсаң ұмытпай жазып қой, және тезірек құтылуға тырыс. Адам ажалы қашан келетінін білмейді.
📌Дін де, саясат та өткір қылыш сияқты. Абайлап ұстамасаң қолыңды кесесің, жараланасың. Дін ұстануда саясатқа жоламай, ата-бабаның жолымен жүрген абзал.
📌Үй ішінен үй тікпе. Бауырыңмен тату бол!
📌 Өтірік айтпа. Өтірікпен алға баспайсың.
📌 Барлық адамның ақыл дәрежесі бірдей болмайды. Себебі, ақылды адам кіммен қалай сөйлесуді біледі.
📌 Құран оқылған үйде береке көп болады. Құран оқып ата-бабаларға жиі дұға бағышта.
📌 Бүгінгі ісіңді ертеңге қалдыра берсең, жүгің ауырлайды. Жұмысты уақытында бітірген жөн.
📌Кісінің қателігін жұрттың көзінше бетіне баспай, оңашада айт. Есті адам қателігін тез түсінеді.
📌Араз адамды татуластырсаң сауапты іс жасағаның. Өз ара татуластыққа ештеңе жетпейді.
📌Күн шықпай тұр. Таңғы нәсіп тәңірден. Артық ұйқы нәсібіңнен құр қалдырады.

Жалғасы ➡️➡️➡️карусельде
#отбасы #өсиет #тәрбие #иман #атаанам #иман #кәсіп

✨ БІЛГЕНГЕ МАРЖАН     Садақа беруші жан, ол ақшаның алдымен Аллаға жетіп, кейін мұқтаждың қолына тиетінін білгенде, алуш...
14/02/2022

✨ БІЛГЕНГЕ МАРЖАН

Садақа беруші жан, ол ақшаның алдымен Аллаға жетіп, кейін мұқтаждың қолына тиетінін білгенде, алушылардың емес, берушілердің қатарынан болғанды қалар еді...

Садақаның пайдасы жайлы білесіз бе?

🌿1. Садақа - жəннəттің бір есігі.
🌿2. Садақа - игі істердің төресі. Ал ең жақсы садақа - аш адамды тамақтандыру.
🌿3. Ақырет күні садақа сая болып, пендені тозақ отынан арашалайды.
🌿4. Садақа Алланың ашуын жəне қабірдің ыстығын қайтарады.
🌿5. Марқұм үшін бұ дүниеден жетер ең керемет сыйлық - садақа. Алла Тағала садақа үшін сауапты еселеп береді.
🌿6. Садақа - ізгі амалдарды көбейтіп, жан тазаруына септігін тигізеді.
🌿7. Садақа ақырет күні садақа берушінің жүзіне бақыт сыйлайды.
🌿8. Садақа - Ақырет күні жан тыныштығының себебі əрі өткен күнге өкінішті жоюшы.
🌿9. Садақа - күнəнің кешірілуіне жəне өткен күнгі қателіктердің өтемі.
🌿10. Садақа беруші жанның өлімі жеңіл болады жəне Періштелердің дұғасына лайықты болады.
🌿11. Садақа беруші адам да, оның жақын адамдары да сауапқа кенеледі.
🌿12. Алла Тағала садақа беруші адамға көптеген сауап уәде еткен.
🌿13. Ақшасын садақаға жұмсайтын адам ізгі адамдар қатарынан болады, көпшіліктің махаббатына бөленеді.
🌿14. Садақа - мейірімділік пен ізгілік белгісі.
🌿15. Садақа берушінің дұғасы қабыл болады. Алла Тағала ол адамнан ауырпашылықты алыстатады.
🌿16. Садақа бұ дүниедегі жамандық атаулының 70 есігінің жабылуына себеп.
🌿17. Садақа өмірдің ұзаруына, дəулеттің көбеюіне септігін тигізеді. Əрі садақа берушінің бұл дүниедегі дәрежесін асырады.
🌿18. Садақа - дертке шипа əрі дауа.
🌿19. Садақа садақа берушіні көптеген жамандықтан сақтайды: ұрлық, ауыр өлім, күйік шалу, суға бату жəне т.с.с
🌿20. Құс пен жан - жануарға берілген садақаға сауап бар!
🍃Садақаның ең жақсы түрі осы жазбаны тарату!

Алла Тағала ниет етіп берген жандардың садақасын қабыл етсін! 🤲

Біздің қолдарымызды алушының емес берушінің қолдарынан етсін! 🤲

Ақпарат ұнады ма?
"Ия" болса сізден бізге ❤ болсын және сақтап алыңыз!

#садақа #иман #ислам #денсаулық #байлық #кәсіп

Address

Talgar

Telephone

+77026543589

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Онлайн бизнес posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Онлайн бизнес:

Share