Zhanat Samatkyzy

Call Directions Website Contact the business

Zhanat Samatkyzy Окончила «Актауский университет им. Есенова» по специальности «Экономист»

19/03/2023

Қадірлі қазақстандықтар!

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды сайлау күні. Тәуелсіз еліміздің тұрақты дамуына жол ашады деп сенемін. Менде өзімнің құқығымды пайдалана отырып, өз таңдауымды жасадым!

Қадірлі отандастар!   Белгілі журналист Динара Сатжан ханымның "Instagram" әлеуметтік желісіндегі () ресми парақшасында ...
17/03/2023

Қадірлі отандастар!

Белгілі журналист Динара Сатжан ханымның "Instagram" әлеуметтік желісіндегі () ресми парақшасында өзімнің түбегейлі ұстанымымды тікелей эфирде ашық айттым.

"Жасыл Даму" АҚ экс-басшысы және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі ретінде
«Утильсбор» машақаты және атмосфералық ауаның ластануы тақырыбы төңірегінде өзімнің пікірім бар. Ойымды ашық әрі бүкпесіз жеткіздім.

Жеке ойым "BAYTAQ" Жасылдар партиясының ұстанымымен дәл түсті. Эфир бірнеше сағатқа созылды. Толығырақ "Instagram" әлеуметтік желісіндегі көріп, ой-пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар!

Уважаемые друзья! Относительно загрязнения атмосферного воздуха и высоких ставок утильсбора у меня своя принципиальная п...
17/03/2023

Уважаемые друзья!

Относительно загрязнения атмосферного воздуха и высоких ставок утильсбора у меня своя принципиальная позиция, о которой я свободно и открыто говорила во время с избирателями. Каждый гражданин Республики Казахстан вправе знать чем нас травят крупные заводы.

Казахстанская партия зелёных "BAYTAQ" против высоких ставок утилизационного сбора на автомобили. Нужны справедливые ставки. На эти и другие темы актуальные темы поделилась своим мнением в открытом интервью с известной телеведущей Динарой Сатжан.

Более подробно можно увидеть на официальной странице телезвезды в инстаграм

ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ - БІЛІМНЕН ЕМЕС, МІНЕЗДЕН! Маңғыстау өңірінде Қажымұрат Сейлханұлын білмейтіндер кемде-кем. Оның өмір ж...
17/03/2023

ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ - БІЛІМНЕН ЕМЕС, МІНЕЗДЕН!

Маңғыстау өңірінде Қажымұрат Сейлханұлын білмейтіндер кемде-кем. Оның өмір жолы қызықты оқиғаларға толы. Ол қайсар мінезді адам. Өз ойын еркін жеткізеді және тіке айтады. Саналы ғұмырын аймақтың төтенше жағдайлар саласына арнаған.

Ағамыздың қызымен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің қабырғасында білім алдық. Ол экология кафедрасында, ал мен экономика мамандығын таңдадым!

Жасы жетпістің төртеуіне қарасада қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүрген жайы бар. Болжам жасап біледі. Айтқанынан қайтпайтын бойында нағыз ер азаматқа тән ерекше қасиет бар.

Жақында ғана Ақтауға барып кеткенімде үйіне барып шыққанды жөн санадым. Біраз әңгімелестік. Әсіресе өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қозғап, емен-жарқын әңгіме-дүкен құрдық!

Қиын-қыстау саланың сындарынан сүрінбей өткен ардагер өмір қауіпсіздігінің құрылуына, өртке қарсы үгіт-насихат жүргізу, өрт және құтқару ісінде ақыл-кеңес айтар нағыз аға буынның өзі. Төнген қауіпті табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың алдын-алу, түйткілді мәселелердің оң шешілуі жолында бар күш-жігерін жұмсаудан аянып қалған емес.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментін 1997 жылдан 2008 жылға дейін басқарған Қажымұрат Сейілханұлы өңірдің қауіпсіздігі үшін тікелей жауапты болатын. Қатал әрі талапшыл басшы болды. Сол жылдары оған бүтін бір аймақтың амандығын сақтау миссиясы жүктелгенді. Осындай жауапкершілік жүгі зіл батпан қызметті атқарған оның өне бойында қауіпті алдын-ала сезіне білу, қатер төнуі мүмкін жағдайды аса жоғары сезімталдықпен болжай алу сияқты ерекше бір қасиеті бар десем артық айтпаған болар едім. Төнген қауіпті сезіне отырып, оны ойша талдауға бейімделе білудің өзі өнер. Бүкпесіз жоғары мінберде өз ойын ашық айтып, шешу жолдарын таба білетін қасиеті тағы бар.

Қорыта айтайын дегенім, біз мұндай кіріслерді қадірлеп, құрметтей білуіміз керек. Сөзбен емес іспен. Себебі Қажымұрат Хайрушев сияқты көргені мен білгені көп адамдар жоқтың қасы. Біз барды қадірлеп үйренуден жалықпауымыз керек.

Өз басым Қажымұрат ағаны ерекше құрметтейтін ел ағаларының бірі емес, бірегейі деп білемін.

"Байтақ" жасылдар партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде танымал тележүргізуші Динара С...
14/03/2023

"Байтақ" жасылдар партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде танымал тележүргізуші Динара Сәтжанға сұқбат беремін. Тікелей эфир Instagram-да тележұлдыздар парақшасында 15-наурыз, сәрсенбі күні, сағат 13.00-де өтеді. Көріңіз, жіберіп алмаңыз!

***
Как кандидат в депутаты Мажилиса Парламента РК от партии зеленых «Байтақ» отвечю на вопросы известной телеведущей Динары Сатжан в прямом эфире, которая состоится в Instagram на странице телезвезды 15 марта в среду в 13:00. Не пропустите!

#Байтақ5

10/03/2023

Туы биік, тұғыры берік – Сыр еліндемін.

Қызылорда мен үшін ыстық мекен. Өйткені 2014 - 2016 жылдар аралығында дәм-тұз бұйырып, қызмет бабымен осы бір қасиетті өңірде жұмыс жасау бұйырды. "Байқоңыр" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ төрағасы болдым. Біраз ысылып, тәжірибе жинақтадым. Көптеген достар таптым. Ұлым мен қызым осы Сыр өңірінде дүниеге келді.

Ел ішінде «Сыр – Алаштың анасы» деген аталы сөз бар. Жалпы Сыр өңірі – құпиясын ішіне бүккен көне шаһарлар мен тарихи-мәдени ескерткіштерге бай өлке. Тарихынан бөлек экономикасы, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өміріндегі қол жеткізген табыстары мен жетістіктері туралы ұзақ айтуға болады.

Қызылорда түбі бір түркі әлемінің рухани тәлімгері, ғұлама ойшыл Қорқыт бабамыздың кіндік қаны тамған мекен. Талай ақын-жазушылар мен батырлар туған өлке.

Өз басым Қызылорда күллі қазақ үшін қасиетті ортақ мекен деп білемін. Себебі көңілі дариядай шалқып-тасқан Сыр өңірі ешбір жанның көңілін қалдырмайтыны айдан анық!

Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан полигонның бас жоспарымен танысып шықтық. Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының...
02/03/2023

Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан полигонның бас жоспарымен танысып шықтық.

Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының барлық қатты тұрмыстық қалдықтары осында тасымалдануда. Полигонда техника мен қажетті құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі байқалады. Жалпы өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаумен және шығарумен айналысатын кәсіпорындар саны 20-дан асады.

Қоқыс полигоны 2016 жылы пайдалануға берілген. Алғашында "Көктем" МКК балансында болды. Қазіргі уақытта полигон орналасқан жер учаскесі "Маңғыстау жылу" МКК қарайды. Ал тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдау және сұрыптауды жеке кәсіпкермен жасақталған келісімшарт негізінде жүргізіледі. Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданына қарасты Батыр, Атамекен, Баянды, Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылынан күніне 1000-1300 куб қоқыс жеткізіледі. Жеткізілген қалдықтардың 70% қайта өңдеуге жіберілсе, қалған 30% жарамсыз қоқыс күйінде қалып отыр.

Маңғыстау өңірінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеудің тұтас инфрақұрылымын құру, сондай-ақ полигондарды нормативтік талаптарға сай етіп жасақтау әзірге тек қағаз күйінде қалып тұр.

Рекультивация хвостохранилища "Кошкар-Ата" найдёт свое продолжение.В третьем квартале 2023 года ожидается получение закл...
02/03/2023

Рекультивация хвостохранилища "Кошкар-Ата" найдёт свое продолжение.

В третьем квартале 2023 года ожидается получение заключения госэкспертизы на скорректированную ПСД, в связи с этим работы по рекультивации хвостохранилища "Кошкар-Ата" будут продолжены. Об этом рассказал руководитель отдела управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области Ербол Денов.

Кандидата в депутаты Мангистауского областного маслихата Серик Гусмана и меня проинформировали о том, что работы по рекультивации хвостохранилища "Кошкар-Ата" были приостановлены из-за аннулирования первоначального заключения госэкспертизы ПСД. Это связано с тем, что площадь земель под рекультивацию сократилась с первоначальных 4279 га до 1344 га.

Экспертиза должна одобрить новую проектно-сметную документацию. После получения заключения государственной экспертизы, работы будут возобновлены.

Что касается увеличения суммы денежных средств для дальнейшей рекультивации, то, как пояснили специалисты, принято решение о повторной корректировке рабочего проекта. Реализация проекта будет осуществлена за счет средств из республиканского бюджета и софинасирования из местного бюджета в пропорции 90/10 соответственно.

К работам по рекультивации хвостохранилища планируется вернуться в третьем квартале 2023 года, когда будет получено положительное заключение госэкспертизы на скорректированное ПСД. Завершить работы планируется в 2025 году.

Address

г. Астана ул, Кабанбай батыра 74
Tselinograd
010000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Zhanat Samatkyzy posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Zhanat Samatkyzy:

Shortcuts

Share