08/10/2026
Алғашқы көмек көрсету дағдыларын жетілдіруге арналған семинар өтті
🔸«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ ұйымдастыруымен «Медициналық минимум көлемінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша дайындау және білімді тексеру» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында алғашқы медициналық көмекті ұйымдастырудың негізгі қағидалары, шұғыл жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері, жүрек тоқтаған кезде көрсетілетін көмек және базалық жүрек-өкпе реанимациясы қарастырылды.
Сонымен қатар электр жарақаты, тыныс алу жолдарына бөгде зат түсуі, қан кету, күйік, естен тану, суға кету, жедел инфаркт пен инсульт, жол-көлік оқиғалары, сынықтар, буын шығуы және созылу кезіндегі алғашқы көмек көрсету мәселелеріне назар аударылды.
Семинарды жедел және шұғыл медициналық көмек саласының тәжірибелі маманы, жоғары санатты дәрігер, терапевт және кардиолог Маржан Мусабаева жүргізді. Лектордың кәсіби даярлығы халықаралық тәжірибемен ұштасқан: ол Израильде BLS, ASLS және PALS бағдарламалары бойынша оқудан өтіп, халықаралық сертификаттар алған.
Оқу бағдарламасының қорытынды кезеңінде қатысушылар меңгерген білімдерін бекіту мақсатында қорытынды тестілеуден өтті және оларға сертификат табысталды.
_____
Состоялся семинар по поввшению навыков оказания первой помощи
🔸АО «Центр медицинских технологий и информационных систем» организовало семинар на тему «Подготовка и проверка знаний по оказанию первой медицинской помощи в объёме медицинского минимума».
В ходе семинара были рассмотрены основные принципы организации первой медицинской помощи, алгоритмы действий при экстренных состояниях, оказание помощи при остановке сердца и базовая сердечно-лёгочная реанимация.
Особое внимание было уделено правилам оказания первой помощи при электротравмах, попадании инородного тела в дыхательные пути, кровотечениях, ожогах, обмороках, утоплении, остром инфаркте и инсульте, дорожно-транспортных происшествиях, переломах, вывихах и растяжениях.
Семинар провела Маржан Мусабаева — опытный специалист в области скорой и неотложной медицинской помощи, врач высшей категории, терапевт и кардиолог. Профессиональная подготовка лектора сочетается с международным опытом: она прошла обучение в Израиле по программам BLS, ASLS и PALS и имеет международные сертификаты.
На завершающем этапе обучающей программы участники прошли тестирование для закрепления полученных знаний и получили сертификаты.