12/12/2023
🇰🇿Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев «Бір ауыл - Бір өнім» жобасына қатысушылардың өнімдерімен танысты.
«Бір ауыл - бір өнім» әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталықтары шеңберінде жүзеге асырылуда. Қатысушылар қажетті білім алып, аймаққа ғана тән тауарларды жасап, ішкі және сыртқы нарықтарға шығады.
Пилоттық режимде жоба 2021 жылы еліміздің төрт өңірінде – Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстарында іске қосылған. «Атамекен» іскер әйелдер кеңесінің күшімен тәлімгерлер тартылып, шетелде көшпелі оқыту ұйымдастырылды, сондай-ақ нарықтық әлеуеті бар әрбір өңір үшін бірегей тауарлар анықталды.
Атап айтқанда, Маңғыстау облысының Құрық ауылының тұрғындарына бұрын кәдеге жаратылған қой мен түйе жүнін өңдеу жұмыстары үйретілді. Қазір одан сұранысқа ие болған, бірегей қолөнер бұйымдарын – киім, ойыншықтар, тұрмыстық заттарды шығарады. Қазір тауарлардың ассортименті кеңейіп келеді және жобаға жергілікті тұрғындар, соның ішінде жастар да тартылуда. Қостанайдан келген қатысушылар бірегей ірімшіктің өзіндік рецептін әзірледі, ал қымыздан жасалған балмұздақ тұтынушылардың шынайы қуанышы мен қызығушылығын тудырды.
Жобаны Қазақстанның барлық өңірлері бойынша масштабтау туралы шешім 2023 жылы қабылданды, бұл жобаға 2,5 мыңнан астам ауыл тұрғыны қатысуға дайын. Қазіргі таңда 1,5 мыңнан астам әйел оқудан өтті.
⚡️Көрмеде «Qazaq Oil» жеке компаниялар желісі жобаға қатысушылардың өнімдері үшін тегін сөрелерді ұсынуға дайын екендігін мәлімдеді.
(фото: Ақорданың баспасөз қызметі)
**************************************************
🇰🇿Глава государства Касым-Жомарт Токаев ознакомился с продукцией участников проекта «Одно село – Один продукт».
«Одно село – один продукт» реализуется в рамках Центров поддержки женского предпринимательства. Участники получают необходимые знания и создают уникальные для региона товары, с последующим выходом на внутренний и внешние рынки.
В пилотном режиме проект был запущен в 2021 году в четырех регионах страны – Мангистауской, Западно-Казахстанской, Жамбылской и Костанайской областях. Силами Советов деловых женщин «Атамекен» привлечены менторы и организованы выездные обучения за рубежом, а также выявлены уникальные товары для каждого региона, имеющие рыночный потенциал.
В частности, жителей села Курык Мангистауской области обучили перерабатывать овечью и верблюжью шерсть, которая раньше утилизировалась. Теперь из неё производят уникальные изделия ручной работы – одежду, игрушки, предметы обихода, - которые пользуются спросом. Сейчас ассортимент товаров расширяется, а в проект вовлекается все больше местных жителей, включая молодежь. Участницы из Костаная разработали собственный рецепт уникального сыра, а мороженное из кумыса вызывало неподдельный восторг и интерес потребителей.
В 2023 году было принято решение масштабировать проект на все регионы Казахстана, стать участниками готовы более 2,5 тысяч сельских жителей. Более 1,5 тыс женщин уже прошли обучение.
⚡️На выставке сеть частных компаний "Qazaq Oil" заявила о готовности бесплатно предоставить свободные полки для продукции участников проекта.
(фото: пресс-служба Акорды)