21/10/2022
Кейде балалардан үйренетін кез болады ия?!
Осы туған күнін Аңсар қатты күтті.
5 жасқа қашан толамын деп.
Жақын қалғанда күн санап жүрді.
Әкесіне туған күніне лего сұрады. Былтырғы ескірді жаңасын алып берші деп.
Сөйтіп туған күніне бір күн қалғанда мен айттым : "Балам, әкең тура ертең саған лего алып келе алмайды. Кейін басқа күні аламыз жарайды ма?"- деп, ол үнсіз басқа бөлмеге кетіп қалды.
Бір кезде келіп, мама мен Алла Тағаладан сұрасам болады ма легоны дейді. Сұрайғой балам дедім. Ол барып алақан жайып отырып сұрап, бетін сыйпап қайтып келді.
Сұрадым мама дейді. Онда болды, Алла береді балам дедім. Содан сенесіздер ме, ертесі туған күніне бір емес үш лего конструкторы келді сыйлыққа. Дәу мамасы тортты да сол тақырыпта әрлеп әкеліпті.
Баламның қуанышында шек жоқ.
Бүгін күні бойы табжылмай соларды құраумен болды.
Жәңа ғана келіп маған рахмет айтып жатыр. Мен айтам, маған емес Алла Тағалаға рахмет айт балам деп. Сөйтсем оған мен кеше айттым уже мам дит😊.
Біз үлкендер кейде, адамнан емес Алладан сұрау керектігін және сұрағаныңды Алла хайырлы болса міндетті түрде беретініне риясыз сенуді, қалағанымызды алған кезде шүкірімізді ұмытып кетеміз. Алла Ұлық!
Көре білгенге әр нәрседе сабақ бар.